Выйти
RU

Шымкенттегі жезөкшелер ордасынан қашып шыққан бойжеткен қорқынышты жайттарды жайып салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында Шымкентте адам саудасының құрбандарына арналған үй ашылған болатын. Аталмыш мекемеге келген екі бойжеткен бастарынан өткерген жантүршігерлік жағдайларды айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

27 жастағы Виктория Алматыда дүниеге келген. Бойжеткен Алматыдағы туыстарымен бірнеше ай бойы байланысқа шыға алмай жүріпті. Жас жігітпен танысқан Вика оның жеңгетайлармен бірге қыздарды қақпанға түсіретінін білмегенін алға тартты. Он күннен кейін Вика қылмыскерлер құрған қақпанға түсіп қалады.

Алданып Алматыдан Шымкентке барған ару жезөкшелер ордасына тап болған. Құлдыққа түскен Виканы аштан қатырып, күнде сабап отырған. 

«Ол мұрнымнан ұрғанда, қан заулайтын. Жұмыс істемесең, нашақорларға сатып жіберемін, олар сені есірткіге тәуелді етеді деп қорқытатын. Қатты қорықтым. Қашып кету мүмкін емес еді. Құлыптаулы бөлмеде отыратынбыз», - дейді Вика.

Тағы да оқыңыздар: Тегін такси қызметін ұсынған Қызылорда мешітіне халық алғысын жаудыруда (фото)

Өмірі үшін алаңдаған қыз амалсыз жезөкшелікпен айналысады. Алайда бойжеткенді көп ұзамай клиенттердің бірі құтқарып қалған.

Ол Виканың жантүршігерлік оқиғасын естігеннен кейін, бірден келесі күні полицейлерді шақыртады. Сол күні жетіп келген тәртіп сақшылары жезөкшелер ордасын жауып тастаған.

Тағы оқыңыздар: Астананың сылқым бикештері қайдан және қалай киінеді?

«Миша есімді жас клиентті алып келді. Ол менің жасаураған көздерімді көріп, не болғанын сұрай бастады. Бірақ мен бастапқыда бар шындықты айтуға қорықтым. Жеңгетайларға жеткізіп сала ма деп алаңдадым. Жарты сағат әңгімелескеннен кейін оның жаман адам емес екенін ұғып, одан көмек сұрадым», — дейді бойжеткен.

Құлдықтан қашып құтылғандар арасында 36 жастағы Бота да бар. Әйелді бес жыл бойы азапқа салған.

Шымкентке Бота Леңгірден келген. Базарда әк сатып күнін көрген әйелді Мәскеудегі өзге жұмысқа шақырғанда, ол құлдыққа түсетінін күтпеген.

«Бізді пойызға құжатсыз отырғызды. Жасымыз 18-19-да еді. Біз келіп жеткенде, бізді жұмыс ұсынған әйелдің күйеуі күтіп алды. Дүкенде жұмыс істеу керек едік... Айтқым да келмейді (көзіне жас алды). Кейін біз қашып кете алдық. Осында қайтып оралғаныма 20 жыл болды. Олардың жазаға тартылғанын қалаймын. Қазір мен бес жастағы қызым үшін өмір сүремін. Баспана алуға кезекке тұрғанмын», — дейді Бота.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкенттегі жезөкшелер ордасынан қашып шыққан бойжеткен қорқынышты жайттарды жайып салды
Mailfire view pixel