Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тегін такси қызметін ұсынған Қызылорда мешітіне халық алғысын жаудыруда (фото)

Опубликовано:

Қасиетті Рамазан айы келіп жеткелі республикамыздың барлық өңірлеріндегі мешіттерде түрлі шаралар ұйымдастырылып, қызметтер көрсетіле бастады. Соның бірі – тегін такси қызметі.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешіті де тегін такси қызметін халыққа ұсынды.

Бұл қызмет аясында мешітке тарауих намазына қатысушы жамағат, мешітке аяқ басқан тұрғындар таксимен үйлеріне тегін жеткізілуде.

Тағы оқыңыздар: Синоптиктер ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада қандай ауа райы болатынын айтты

Бұл қызметке барлық қалалық мешіттер атсалысты.

Жақсы істің басында жүріп, халыққа Рамазан айының келуін осылайша сезіндірген өкілдік ұжымына халық та дән риза болып, алғыстарын жеткізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1509978-qasietti-ayda-tegin-taksi-qyzmetin-us/

pixel