Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын Төлепберген мен аяғы ауыр Жұлдыз Өмірғали Түркияда бірге демалып жүр (фото)

Жарияланған күні:

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне хабарласып, отандық әнші Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің Түркияда демалып жүргенін хабарлады.

Оқырман демалыстарын бірге өткізген әртістердің суреттерін де жіберген.

Оның айтуынша, ол әртістерді шағын яхтада өткен кеште көріп қалған.

Жұлдыз бен Айқын ел назарына түспеуге тырысып, бас киімдері мен көзілдіріктерін шешпеген.

"Кешьюдің" бұрынғы солистінің мүсіні қатты өзгеріп кеткенін байқауға болады. Суреттерден оның жүкті екенін аңғару қиын емес.

Портал редакциясы өзіндік зерттеу жүргізіп көрді. Келесі суретте Айқын Төлепберген Қапшағайда. Егер зер салып қарасаңыз, әртістің Түркиядағы демалыста киген су киімі мен көзілдірікте жүргенін байқауға болады.

Біраз уақыт өткеннен кейін Жұлдыз Өмірғалидің Instagram парақшасында оның Қапшағайда жүрген суреті пайда болады.

Еске салсақ, олардың романы жайлы жаңалық желідегі "Қыз ұзату" видеосынан кейін пайда болды. Әнші жанкүйерлеріне оның сериал түсірілімінен үзінді екенін айтқан.

Жұлдызға келер болсақ, соңғы кездері оның жабысып тұратын көйлекке қарағанда, етегі кең, еркін тұратын көйлектер киіп жүргені желідегі суреттерінен байқалады.

NUR.KZ  порталы аталған суреттерге қатысты Айқынмен байланысқа шығып, әншінің пікірін білген еді.

"Ол Жұлдыз емес. Менің өмірімнің сізге, басқаға, мұндай фотошоппен айналысатын адамға қатысы жоқ", - деп қысқа ғана жауап берді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1559534-ayqyn-tolepbergen-men-ayaghy-auyr-zhuldy/