RU

Түннің бір уағында кішкентай қыздарға би билеткендер желі қолданушысының ашуына тиді

Танымал мәдениеттанушы Бердалы Оспан түннің бір уағына дейін бір топ қызды тойда билетіп қойған шымкенттіктерге өзінің наразылығын жеткізді. Ол кешкі сағат 8-9-да ұйықтап жатуы тиіс бүлдіршіндерді аяп кеткен.

"Жаңа ғана Шымкентте бір тойдан келдім. Жап жас бүлдіршіндер түнгі сағат 11-де тойханада неге билеп жүр. Араларына әжептеуір уақыт салып бірнеше рет биледі. 20 шақты, мүмкін одан да көп қыз және ер балалар. Бұл жаста бұл балдырғандар кешкі сағат 8-9-да ұйықтап жатуы керек", - деп жазды Бердалы Оспан.

Тағы оқыңыздар: Бұрын-соңды болмаған сот: Шымкенттік сержант өзіне ұрсып тастаған майорға ренжіп, сотқа берді

Мұны естіген желі қолданушылары да балаларды бұндай жолмен ақша табуға үйренуіне қарсы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1599249-tunninh-bir-uaghynda-kishkentay-qyzdargh.html