Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түннің бір уағында кішкентай қыздарға би билеткендер желі қолданушысының ашуына тиді

Опубликовано:

Танымал мәдениеттанушы Бердалы Оспан түннің бір уағына дейін бір топ қызды тойда билетіп қойған шымкенттіктерге өзінің наразылығын жеткізді. Ол кешкі сағат 8-9-да ұйықтап жатуы тиіс бүлдіршіндерді аяп кеткен.

"Жаңа ғана Шымкентте бір тойдан келдім. Жап жас бүлдіршіндер түнгі сағат 11-де тойханада неге билеп жүр. Араларына әжептеуір уақыт салып бірнеше рет биледі. 20 шақты, мүмкін одан да көп қыз және ер балалар. Бұл жаста бұл балдырғандар кешкі сағат 8-9-да ұйықтап жатуы керек", - деп жазды Бердалы Оспан.

Тағы оқыңыздар: Бұрын-соңды болмаған сот: Шымкенттік сержант өзіне ұрсып тастаған майорға ренжіп, сотқа берді

Мұны естіген желі қолданушылары да балаларды бұндай жолмен ақша табуға үйренуіне қарсы шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1599249-tunninh-bir-uaghynda-kishkentay-qyzdargh/

pixel