RU

Болат Назарбаев туған ауылында жерлестеріне 17 үй салып берді (фото, видео)

Болат Назарбаев туған жері Қарасай ауданы Шамалған ауылдық округінде тұрмысы төмен жерлестеріне 20 үй салып берді. Олардың 17-сі  толықтай бітіп, бүгін пайдалануға берілді. Айта кетейік, бұндай игілікті істі Болат Назарбаев елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша жүзеге асырып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгін жетім-жесірлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мұқтаж адамдарға қолданысқа берілген үйдің барлығы Болат Назарбаветың демеушілігмен салынған.

Баспаналы болғандардың бірі, жеті баланың анасы Иманғалиева Бақыттың қуанышында шек жоқ. Қытайдан 2010 жылы көшіп келген қандасымыз осыған дейін көлік жуып, отбасын асырап келген. Жалғызбасты анаға жақында алтын алқа берілмекші.

Тағы оқыңыздар: Иван Дычко алғашқы раундта-ақ америкалық қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Болат Назарбаев өзінің елге жасаған қайырымдылық шараларын жария ете бермейді. Десе де, оның халыққа жасаған тағы игі ісінің бірін айта кету керек. Мәселен 2010 жылы Қызылағаштағы қайғылы оқиғадан кейін Болат мырза ешкімге жария қылмай-ақ, біраз адамды баспанамен қамтамасыз еткен.

Қайырымды жан жерлестеріне көмектесіп тұруды да әдетке айналдырған. Мысалы суы жоқ тұрғындардың үйіне су кіргізіп, тіпті көшеге дейін салып берген.

Тағы оқыңыздар: Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1633672-bolat-nazarbaev-tughan-auylynda-zherle.html