Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл тұмаудың қауіпті үш түрі тарауы мүмкін

Опубликовано:

Биыл «мичиган», «гонконг», «брисбен» сынды тұмаудың үш штамы өрши түседі екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкімет эпимаусымға деп бір миллиард 200 миллион теңгеге вакцина сатып алыпты. Ол бір жарым миллион адамға жетеді. Тұмауға қарсы препарат созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққандар, әлсіз балалар мен жүкті келіншектер және медициналық қызметкерлерге тегін салынады.

Қалған тұрғындар екпені үш мың теңгеден ақылы алады. Ал елімізде жаппай вакцина салу науқаны екінші қазанда басталмақ.

Тағы оқыңыздар: Талдықорғанда бір үйдің үш бірдей келіні ұры болып шықты (видео)

Дәрігерлер иммунитеті төмен адам тұмаудан төсек тартып жатып қалуы мүмкін деп отыр.

Ал еліміздің бас санитар дәрігері тұмау болмау үшін жұртқа сарымсақ пен жуа жеуге кеңес берді.

"Бірінші кезекте дәріханаларда сатылатын дәрумендер мен лимон, анар, киви сынды көкөністі жиі тұтынған жөн. Итмұрын, қарақатты қайнатып ішіңіздер. Және түнде сарымсақ пен жуа жеген дұрыс", - дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1633464-biyl-tumaudynh-qauipti-ush-turi-tarauy-m/

pixel