RU

Қарақат Әбілдина арбаға таңылған 18 жастағы қыздың арманын орындады (видео)

Хабар арнасындағы "Тікелей эфир" бағдарламасына келген Айкүміс Мұратова есімді қарағандылық қыз мүгедектер арбасына таңылған. Айкүмістің арманы - Қарақат Әбілдинаны көру болған екен. Бағдарлама барысында оның арманы орындалып, студияға танымал әншінің өзі келді. Сүйікті әншісін көрген бойжеткен көз жасын тия алмады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Көңіл-күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сізді көргеніме қуаныштымын! Армандар орындалады, мен оған көз жеткізіп келе жатырмын",-  деді қуаныштан көз жасын тия алмаған Айкүміс.

18 жастағы Айкүміс Мұратова 11-ші сыныпта оқиды. Туылғаннан сал ауруына шалдыққан. Осы уақытқа дейін бел-омыртқасына алты рет ота жасатқан. Дәрігерлердің қойып отырған диагнозы "Бел -омыртқа жарықшасы".

Қайсар қыздың арманын орындап, студияға аяқасты келген Қарақат Әбілдина сыйлық алып үлгермегенін айтты. Десе де әнші өзі тағып келген күміс сырғасы мен сақинасын Айкүміске сыйға тартып кетті.

Ал болашақта әнші болғысы келген қызға елімізге белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген демеуші болып, бейнебаян түсіріп беремін деді. Сондай-ақ, кәсіпкер Айкүмістің барлық маусымдық киім-кешегін де көтеріп алатынын жеткізді.

Ал "Қазмедиа" орталығы болса Головкиннің қайырымдылыққа аударған қаражатынан артылған ақшаны жас әншінің көйлегіне сыйға берді.

Тағы оқыңыздар:

Бақытжан Сағынтаев елбасының тапсырмасымен Алматыға ат басын тіреді

Әшімбаев: 100 миллион доллар көмектен бас тартуға қырғыздардың құқығы бар

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіттің қожайыны ауруханаға аттап баспаған

Павлодарда алты жасар баланы бетонға лақтырып ұрған азамат жеңіл жазамен құтылды

Ақтөбе әкімі балалары оқитын ақылы мектепте "ақша жинағыш" ата-аналар туралы ашық айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1656012-qaraqat-abildina-arbagha-tanhylghan-18-zhas.html