Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер" тобының әншісі екінші әйелімен үш-ақ рет кездесіп үйленген

Жарияланған күні:

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғанбек "Еуразия" арнасындағы "Қалаулым" ток - шоуында екінші әйелімен қалай танысқанын айтып берді. Әншінің айтуынша, ол жарының Шымкенттен болғанын қалап, Алладан дұға сұраған деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Бізді туған қарындасым таныстырды. Мен өзім Оңтүстіктің адамы болғаннан кейін, қазақы менталитет сақталған, әсіресе Сарыағаш, Жетісайдан іздедім.  Өйткені ол жақта күйеуге бағынатын әйелдер көбірек. Соны іздеп, құдайдан көп сұрадым. Құдай нәсіп қылған шығар маған, қарындасым осы қызбен таныстырған кезде иманжүзді болды.

Менің көңіліме бірден жақты, екеуміз бес-бес минуттан үш ақ рет кездестік, бір айдың ішінде үйлендік. Мен өзімнің бойымдағы кемшіліктерімді айттым, негізі үйленетін адам міндетті түрде өзінің кемшіліктерін айту керек. Мысалы, ашуланшақпын дегендей немесе бойыңдағы ауруларың болса айтылуы керек, себебі ол қызға қиянат болады.

Мен оған өз отбасым жайлы айттым, оның отбасы туралы білдім. Ең бастысы иманжүзді болды, одан кейін өзіміздің Оңтүстік, Жетісайдан болды. Содан екеуміз екі-үш кездесіп, үшіншісінде келісім бойынша алып -қашып кеттім", - деді ол.

Әнші Шымкентке тойға барып, кешке ұшақпен болашақ жарын алып қашқан. Сондай-ақ, ол әйеліне өзіндік шарттар қойған.

"Мен ең бастысы бойымдағы кеткен қателік -  бұған дейін отбасылы болғанымды айттым. Егер осыған көнсең, менің жарым болсаң дедім. Одан кейін көп гастрольге шығамын, менің ата-анамның разылығын алу керексің дедім. Әйел адам еркекке қарсы шықпау керек, мен ашуланғанда сен қоя сал дегенді де ескерттім.

"Қай жаққа барасың, қашан келесің?", - деген сөзді айтпа, телефонымды рұқсатсыз қарама дедім. Осының бәріне көнсек біз үйленейік деген ұсыныс жасадым. Аллаға шүкір, жарым менің бетіме қарап сөйлемейді. Қазір ол соның бәрін орындады, мені сен деп көрген емес, "сіз, "отағасы, қожайыным" дейді. Үйленгенімізге алты жыл болды, біз ұрсысып көрген емеспіз",- деп ағынан жарылды Айдар Тұрғанбек.

Еске салсақ, Айдар Тұрғанбек бұған дейін Ақтаулық қызбен шаңырақ көтерген болатын. Бүгінде Айдар екі қыздың әкесі.

Тағы оқыңыздар: 

Ильин мен Чиншалло Токио олимпиадасына қатысуы мүмкін

Көкшетауда судьяны өлтірді деген ер адам өмір бойына сотталып кетті

Өте сирек кездесетін акулаға ұқсас жыртқыш аң әлем жұртшылығын шошытты 

Әкесіне арнап ән шырқаған Ермахан Ибраимов желі қолданушыларын сүйсінтті (видео)

Қақаған аязда көшені жартылай жалаңаш кезген астаналық жігіт желіде қызу талқыға түсті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1675697-aydar-turghanbek-ekinshi-ayelin-shymken/