RU
Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі
Жаңалықтар Факты и Лайфхаки

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Рассказать Вконтакте

«Гиннес. Әлемдік рекордтар» кітабы жыл сайын адамдардың рекордын, ерекше табиғат құбылыстары мен шоу-бизнес, мәдениет және БАҚ саласындағы жетістіктерді тіркейді. Алғаш рет 1955 жылы «Гиннес» сыра қайнату зауытының тапсырысы бойынша жарыққа шықты.

Қазақстандықтардың жетістіктері де бірнеше рет Гиннес рекордтар кітабына енді. NUR.KZ порталы Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтардың тізімін назарларыңызға ұсынады.

Марат Жыланбаев – марафоншы

Гиннес рекордтар кітабына 7 мәрте енген. Жеті күн бойы марафондық жарысқа түскен ол Еуропадағы ең биік тау шыңы Эльбруске (5 642 метр) шықты. Марат Жыланбаев шөл далаларды басып өткені үшін де Гиннеске енді. Атап айтар болсақ, 1992 жылы Қарақұм шөлін (1200 шақырым) 20 күннің ішінде жүгіріп өтті. 1994 жылы әйгілі Сахара шөлін (1700 шақырым) 24 күннің ішінде басып өтті. Сол жылы Үлкен Виктория шөлін 22 күнде, 1994 жылы Мохаве (1218 шақырым) шөлін 17 күнде жүгіріп өткен.

Болатбек Кәрімханұлы – шебер

Қытайдағы этникалық қазақ Болатбек Кәрімханұлы 2012 жылы әлемдегі ең кішкентай домбыраны жасап шықты. Домбыраның ұзындығы 45, ені 14 мм. Бұл еңбегі үшін Кәрімханқлы Гиннес рекордтар кітабына енген.

Геннадий Головкин – боксшы

WBA (Super), IBO, WBC и IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы нокаутқа жібері проценті жоғары боксшы ретінде рекордтар кітабына лайық деп танылған. Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енген кезде 36 жекпе-жек өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен еді. Ал сол кездегі 33 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Головкинге бұл құрметті Флоридада өтіп жатқан WBC конвенциясында табыстады.

Тағы оқыңыздар: Жүктілік кезінде әйел адамдар не істеуі керек?

Астанадағы Хан-шатыр ойын-сауық және сауда кешені де Гиннестің рекордтар кітабына енген. Биіктігі 150 метрлік ғимарат әлемдегі ең биік шатыр ретінде тіркелген.

2011 жылы Қазақстан географиялық қоғамының бір топ мүшесі Оңтүстік полюске дейінгі 2308 шақырымды машинамен жүріп өтті. Бұл Оңтүстік полюске жасалған құрғақ жолдағы ең жылдам сапар ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Экспедиция мүшесі Орденбек Мазбаевтың айтуынша, топ мүшелері қандай да бір жүлде алуды мақсат етпеген. Оларға Гиннестің рекордтар кітабына енгенін бір жыл өткен соң ғана хабарлапты.

2003 жылдың 27 қыркүйегі күні Қазақстанның әр аймағындағы 4 миллион 845 мың 85 адам бір мезетте аэробика биледі. Бұл өз кезегінде радио арқылы тікелей эфирден таратылған. Жаппай аэробика билеген қазақстандықтар Гиннестің рекордтар кітабына енді.

2008 жылы Қытайдағы этникалық қазақтар әлемдегі ең ұзын қазыны дайындағаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Болат Бейнелұлы мен Гүлзат Асанбекқызы салмағы бір тонна, ұзындығы 100 метр болатын алып қазы дайындады. Болат Бейнелұлы рекордтың тіркелгені туралы сертификат Қытайға берілуін қолдаған жоқ. Сол себепті, рекорд қазақ халқының атына жазылды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне еліміздің бір топ жастары жаппай «Қара жорға» биін биледі. Бұл еліміздің Тәуелсіздік алған 16 желтоқсан күні арнайы дайындалған болатын. Кейін аталған флешмобты Гиннестің рекордтар кітабы тіркеді.

Сондай-ақ, ел Тәуелсіздігінің 17 жылдығына орай Астанада еліміздегі ең үлкен бешбармақ жасалды. Аталған бешбармақты дайындауға жалпы есебі 40 аспаз қатысса, ұлттық тағамға 700 келідей ет жұмсалған.

Қазақстандық спортшылар Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло және Илья Ильиннің ауыр атлетикадағы көрсеткіштері де Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын. Алайда, Халықаралық федерация оларды допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттеткен соң, зілтеміршілердің рекорды кітаптан алынып тасталды.

Тағы оқыңыздар: Қазақстанның атақты дизайнерлері

Сіздің реакцияңыз
2
1
3
1
2
4
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel