Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік келіншек өзін бұрынғы әкімнің зорлағанын айтып, көз жасын көл қылды

Опубликовано:

27 жастағы Әлия Байділдаева есімді келіншек осыдан 10 жыл бұрын Шымкенттің бұрынғы әкімі Өмірзақ Әметұлының өзін зорлағанын айтып, мәлімдеме жасады. Ол кезде әлі кәмелет жасына жетпеген бойжеткен одан жүкті болып, атқамінер азамат Әлияны тоқалы етіп алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүгінде келіншек экс-әкімнен екі қыз баланы дүниеге әкелген.

Күйеуінің көңілдесі барын біліп қойған бәйбіше соңғы үш жылдан бері "зорландым" деген Әлияға күн көрсетпейтін көрінеді. Айтуынша, өтірік жала жауып, қорқытып, тіпті адам жалдап ұрғызыпты.

Сондай-ақ қазірде өз кәсібін дөңгелетіп отырған Өмірзақ Әметұлының мұрасына таласар деген қорқынышпен балаларынан бас тартып, жетімдер үйіне өткізуін талап еткен. Шарасыз күйге түскен ана Алматыдағы зорлық-зомбылықтан әбір көргендердің орталығына Шымкенттен бас сауғалап қашып келген.

Жылаудан көзі ісіп, жанайқайын айтудан тамағы қарлыққан Әлия Байділдаева өткен өмірін еске алса, құдды қорқынышты түстей. Он жетіде бір гүлі ашылмаған шағында қарызға батқан анасы туған қызын сол кездегі Шымкенттің әкімі Өмірзақ Әметұлының үйіне бала күтуші етіп жіберіп, қойнына салған екен.

"Анам менен құтылғысы келді. Ал Әметұлына жас қыз керек болды, таза қыз керек болды. Бірге солай келісім жасасқан. Менің не жазығым бар? Зорланып туып отырмын. Екі жыл жатақханада қинап отырды инемен, пышақпен. Полиция, сот, прокуратура бәрі біледі. Бірақ, заң жоқ", - дейді Әлия Байділдаева.

Шарасыздықтан шырылдаған Әлия екі баласын алып Шымкенттен Алматыдағы күйзеліс орталығына қашып келген. Үрейден денелері әлі күнге діріл қағады. Орталықта тағдыр тауқіметін тартқан мұңдастарымен күн кешкеніне бір аптадан асты.

Әлияның айтуынша, кешегі әкім, бүгінгі кәсіпкер Өмірзақ Әметұлының әйелі соңғы үш жылдан бері қыр соңдарынан қалмай келеді. Мұрагерлікке таласпас үшін балаларынан бас тартып, жетімдер үйіне өткізбейінше тынбаймын депті-мыс. Тіпті, қорқытып, қинауға дейін барған. Бірақ, ол туралы Ұлтабар Әлиева қандай да бір сұхбат беруден бас тартып, "мен ол кісіні білмеймін, білгім де келмейді. Хабарласпаңдар енді", - деп әңгімені шорт кесті. 

"Бізді доп сияқты қудалай беруін қойсыншы. Ақшасы керегі жоқ, дүние керегі жоқ. Біз ешнәрсе сұрамаймыз. Осыны жеткізе алмай жатырмын мен. Ана мен баланың құқығын қорғауға көмектесіңіздер", -дейді Әлия Байділдаева.

Әлияның үлкен қызы сал ауруына шалдыққан. Туғанынан орнынан тұрмайды. Екінші қызы анасының қамқоршысы. Екеуінің ертеңгі бақыты үшін Әлия бүгінгі тауқыметке төзуге де дайын.

«Араша» баспанасы әзірге Әлия Байділдаеваға пана болып отыр. Мұнда жарты жылдан астам уақыт аралығында тұруға рұқсат берілген. Ал оған дейін жан тыныштығын тауып, басын даудан арашалап, екі қызымен қалыпты өмірге қайта келсем деген үлкен арманы бар.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Путин: Ресей әскерінің арқасында Сирия мемлекеттігін сақтап қалды

Ғалымдар артық салмақтан арылудың да зияны бар екенін дәлелдеп берді

Джейкобс Головкинді "кәрі төбет" деп атап, оны реваншта сабауға уәде берді

Тәуелсіздік күнінен бұрын Жаңа жыл мерекесіне қызу дайындық басталып кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1684127-shymkenttik-kelinshek-ozin-burynghy-aki/

pixel