jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Төреғали Төреәлі өз концертіне келген қарияны залдан қуып шықты (видео)

    : UGC

    Танымал әнші Төреғали Төреәлі өз концерті кезінде ел алдында өзін ренжіткен қарияға дөрекі сөйлеп, кезекті рет "мінезін" көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

    Портал редакциясына Төреғалидің сахнадағы видеосын жолдаған көрермен оның бұл әрекетіне наразы екенін жеткізді.

    Видеодан Төреғали өзінің көрерменіне ренжіп, түрлі дөрекі сөздерді айтқанын көруге болады.

    "Мен сіздерге "оттың басы, ошақтың қасы", үйдегі проблемаларымды айтып жатырмын ба ағайын, а? Болмаса сізге басымда мынанша кредитім бар еді деп жатырмын ба? Риза емессіз бе, мархабат, тұрыңыз да шығып кетіңіз ағайын! Мен ешкімді қинаған жоқпын, мен ешкімге концертіме келмесеңдер өліп қалайын дап жатырмын, мына жерде ауа жетпей, асылып өлейін деп жатырмын деген жоқпын, ағайын.

    Өйтіп ренжуіңіз өте орынсыз көке. Еу, айналайын көке, ата сақалың аузыңа жетіп, жасың мыңға келіп, не айтып тұрсың мына жерге кеп ап? Менің де бір кісідей ашуым бар ағайын. Ешкім еріккеннен жүрген жоқ.

    "Еріккен сарт енегін уқалайды" деген. Ұнамай ма, шығып кетіңіз бар! Сізге ешкім жалынып жатқан жоқ", - деді ол.

    Алайда видеода көрерменнің әншінің шамына тиген тұсы түспей қалған. Сондықтан Төреғалиді ел алдында мұндай сөздер айтып, "сес" көрсетуіне не себеп болғаны белгісіз. Кей желі қолданушыларының айтуынша, бұл жайт Павлодардағы концертте орын алған.

    Төреғали Төреәлі өз концертіне келген қарияны залдан қуып шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.