Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде кәмелетке толмаған жүзден аса қыз жүкті болып қалған

Опубликовано:

Ақтөбелік дәрігерлерді жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік алаңдап отыр. Оған арнайы зерттеу жұмыстарын да жүргізген. Нәтижесінде отбасында жылулық алмаған қыздардың жыныстық өмірді ерте бастайтыны белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"Бұл қоғамдағы үлкен мәселе. Зерттеулердің қорытындысы бойынша, 18 жасқа толмаған жасөспірім-қыздардың жүкті болуы тек медициналық емес, әлеуметтік мәселелердің біріне айналды. Жасөспірім-қыздардың арасында жүктіліктің көбеюінің себебі, отбасы тарапынан көңіл бөлу мен жылулықтың жетіспеушілігінен болатындығы медициналық әдебиеттерде де дәлелденген",-дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Өңірде ерте жүкті болған қыздардың үшеуі түсік жасатқан.

«Ақтөбе облысында кәмелет жасқа толмай жүкті болған қыздардың саны 2016 жылдың 10 айында бойынша -133 болса, 2017 жылы 131 қыз бала тіркелген. Жуктi қыздардың 92 пайызы 17 жастағы қыздар. Барлығы жүктілік мерзімін жалғастырып, ешкім баладан бас тартпаған. Тек үш жасөспірімдік жасанды түсік жасатты. Кәмелетке толмаған қыздардың жүктілік уақытында үнемі психолог және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен психо-әлеуметтік оңалту жұмыстарын жүргізіп отырмыз»,-дейді Қалиев.

Өңірде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қажетсіз жүктілікті болдырмау немесе алдын алу мақсатында «Жасөспірімдер ресурстық денсаулық орталығы» жұмыс істейді. Онда аты-жөнін көрсетпей гинеколог және психолог мамандардың тегін кеңесін алуға болады. Сонымен қатар, дәрігерлер ерте есейген жасөспірімдерге жүктіліктені сақтану құралдарын тегін таратуға мәжбүр.

«Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім- қыздардың 95 пайызы контрацепциямен қамтамасыз етілген. Облыстық перинаталдық орталыққа балалар мен жасөпірімдер гинекологы мамандарының қабылдауымен медициналық-профилактикалық қарау кезінде анықталған гинекологиялық аурулары бар жасөспірімдердің диспансерлік есебі жүргізіледі. Жасөспірім қыздар босанғаннан соң және жүктілікті тоқтатқаннан кейін барлығы контрацепциямен қамтамасыз етіледі»,- дейді облыстық бас дәрігері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709906-aktbede-kmeletke-tolmagan-zzden-asa-kyz-zkti-bolyp-kalgan/

pixel