Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аршавинмен "жүрген" қазақстандық танымал модельдің басы дауға қалды

Опубликовано:

Қазақстандағы танымал модель Ольга Семенова "Қайрат" футбол командасымен бірге жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен соң, оның Аршавинмен қарым-қатынасы "тым жақын" деген қауесет тарады. Осыдан соң бойжеткенге қоқан лоққы көрсететіндер көбейген деп хабарлайды NUR.KZ.

Ольга Семенова. Фото: Instagram
Ольга Семенова. Фото: Instagram: UGC

Видеода Аршавин модельдің белінен қысып құшақтап жатыр. Осыған қарамастан өзін "күнәдан пәк" санайтын бикеш біреулер мені қорқытып жүр дейді.

Ольганың айтуынша түнгі сағат бірлер шамасында оның Instagram парақшасына Аршавиннің жұбайының атынан "біреу" жазып, футболшының жанында не істеп жүргенін сұраған.

Бикеш отбасылы еркектерге көңіл бөлмейтінін алға тартып, "Аршавин мені мүлдем қызықтырмайды", - деп жауап береді.

Алайда жазба авторы модельді балағаттап, "саусағыңды кесемін", "есірткі сақтағаның үшін тұрмеге қаматамын" деп қорқыта бастаған.

"Өзіңе-өзің ор қазып жүрсің. Мен сен туралы барлығын білемін деп жазды. Бірнеше күнен кейін әлгі аккаунт иесі өзін қауіпсіздік қызметінің адамымын деп таныстырды. Ол өзінің күйеуіне барлық қыздар ғашық деп санайды екен. Содан кейін жақында Алматыға келетінін айтып, маған сәттілік тіледі", - дейді Ольга.

Желідегі қорқытулардан кейін Ольга көп ойланбастан бірден Андрейге жазып, мұның бәрін тоқтатуды сұрапты.

"Сол күні біз тек жақын достар болып кафеде отырдық. Кішкене ғана ойынымыз осынша шуға айналып кетеді деп ойламадым. Ешкімнің мені олай балағаттап, қорқытуға құқығы жоқ. Мен салауатты өмір салтын ұстанатын, жақсы ақша табатын қызбын", - деді ару.

Ол өзінің Instagram парақшасында енді құқық қорғау органдары мен спорт комитетініне шағымданатанын жеткізді. Семенова Аршавиннің әйелімін деп таныстырған аккаунт жазбаларын телефонында сақтап қойыпты.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711225-arsavinmen-zrgen-kazakstandyk-tanymal-modeldi-basy-dauga-kaldy/

pixel