Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ әншісі қырғыз жігітімен бірге болу үшін шетел асып кеткен

Опубликовано:

«Қоңыр» тобының бұрынғы әншісі Жазира Қошанова шетелдік жігітке ғашық болып, ол азаматпен жақын араласу үшін өнерін тастап, Малайзияға барғанын айтты. «Қалаулым» бағдарламасына қонаққа келген әртіс «Қоңыр» тобынан жеке өмірі үшін кетіп, бірақ сәтсіз махаббаттан соң елге оралғанын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Жазира Қошанова. Фото: Instagram
Жазира Қошанова. Фото: Instagram: UGC

«Он жыл көлемінде «Қоңыр» тобында өнер көрсеттім. Менің топтан кеткенімді көпшілік білмейді, бірақ содан бері бір жыл өтті. Білетін кісілер «Араларыңда ұрыс болды ма, түсінбеушілік болды ма?» деп сұрап жатады. Құдай сақтасын, ондай ұрыс-керіс, түсінбеушілік деген болған емес бізде. Әлі күнге дейін топ мүшелерімен ағалы-қарындас, дос ретінде араласамыз. Топтан жеке өзімнің отбасы мәселеме байланысты кеткенмін»,-деді ол.

Жасым отызға келді деген Жазира шетелге әйел бақытын табу үшін барғанын жасырмады.

Жазира Қошанова. Фото: Instagram
Жазира Қошанова. Фото: Instagram: UGC

«Жеке өмірімді құру үшін кеткенім рас. Жас қыз емеспін, жасым біразға келді. Он жыл өнер көрсеттім, мен де өзімнің жеке өміріме көңіл бөлейін деп бір азаматпен шетелге кеттім. Шетелдің азаматы болғанымен, ең бастысы ол кісі -мұсылман. Оқуын шетелде оқып бітірген және сол жақта кішігірім бизнесі бар. Ұлты қазақ емес, қазір бәрі: "Неге ондай шешім жасады?" деп таңғалатын шығар. Менің анам қырғыз елінің қызы, менің таңдауым түскен жігіт те - қырғыз.

Біз бірге Малайзияға кеттік. Қазір көбі «жігіттің артынан шетелге кетті» деп мені сөгетін болар. Мен ол жаққа әйел бақытын іздеп кеттім. Шетелге бір-бірімізді жақсы таниық, мінез-құлқымызды білейік деп бардым»,- деп айтты Жазира.

Сегіз ай Малазияда тұрған әншінің қырғыз жігітімен махаббат хикаялары сәтсіз аяқталған.

Жазира Қошанова. Фото: Instagram
Жазира Қошанова. Фото: Instagram: UGC

«Нәтижесі онша болған жоқ. Бардым, сегіз ай көлемінде Малайзия елінде тұрдым. Өзге елде жеті-сегіз жыл тұрған адамның менталитеті, ой-санасы өзгереді екен. Екеуміздің санамыз бір-бірімізге сай келмеді. Ол кісі ауызбен тау қопаратын жан болғанымен, іс-әрекеті жағынан ақсап жатты. Сонымен екеуміз жараспадық, арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Ол да үлкен азамат, мен де үлкен азаматшамын. Ақыл тоқтатып, бір-бірімізге ақылды әңгіме айтып, бір шешімге келіп елге қайтайын дедім»,- деді әнші.

Жазира шетелде жеке өмірінен бөлек, модельдік бизнеспен айналысқан. Бойшаң қызды Қытайдың компаниялары өз елінің атынан үлкен конкурсқа бет-бейне ретінде шығуды да ұсынған.

Жазира Қошанова. Фото: Instagram
Жазира Қошанова. Фото: Instagram: UGC

«Табыс көзі шетелде модельдік бизнес болды. Қытайлық ірі компания менің « Табысты әйел Аруы» конкурсының бет-бейнесі болғанымды қалады. Олар маған жайлы пәтер, қымбат көлік, қомақты гонорар ұсынды. Бірақ "Қытай елінің атынан шығасың" деген шарт қойды. Мен ұлтым қазақ, дінім мұсылман болғандықтан бұл ұсыныстан бас тарттым»,- деп мәлімдеді Жазира.

Жазира қырғыз жігіті үшін шетел асқанына еш өкінбейтінін жеткізді.

Жазира Қошанова. Фото: Instagram
Жазира Қошанова. Фото: Instagram: UGC

«Өкінген жоқпын. Мен ол жаққа бармағанымда: «Шақырған кезде барғанымда бәрі жақсы болар ма еді, өмірім ертегіге айналар ма еді...» деп өкінумен өтер ме едім?! Бардым, шетелдің өмірі қандай болатынын көрдім, көптеген достар таптым, модельдік бизнестің қыр-сырын білдім, ой-өрісім кеңейді. Уақытта артқа шегеретін болсақ, мен бәрібір осы таңдауды жасайтын едім.

Бүгінде өнер жолына қайта келдім. Қарапайым әншіден халық ән күтеді. Сол себепті ән жаздыртып, бейнебаян түсірсем деп жүрмін. Бұл махаббатым сәтсіз болғанымен, алдымда хайырлы адам күтіп тұрған шығар. Қазір басым да, жүрегім де бос»,- деді әнші.

Еске салсақ, Жазира Қошанова «Қоңыр» тобынан 2016 жылдың желтоқсан айында кеткен. Жазираны он жыл өнер көрсеткен топтың қорытынды кешінде әріптестері зор қошеметпен шығарып салып, әншінің өзі көзіне жас алған-ды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1711422-tanymal-kazak-nsisi-kyrgyz-zigitimen-birge-bolu-sin-setel-asyp-ketken/

pixel