RU

Заманбек Нұрқаділовтің туған күнінде Мақпал Жүнісова егіліп жылады (видео)

Бүгін марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған күні. Көзі тірі болғанда ол 73 жасқа толар еді. Сүйікті жарының туған күнінде оны еске алған Мақпал Жүнісова егіліп жылады деп хабарлайды NUR.KZ.

Елімізге танымал саясаткердің туған күнінде жұбайы Мақпал Жүнісова желіде жазба қалдырып, оған деген сағынышын жеткізді. Ол Instagram парақшасына Заманбекпен бірге айтқан әнінің видеосын жүктеді.

Бүгін Зәкемнің туған күні, еске алып отырған, көздің жасы көл болып, топырағың торқа болсын, Зәкем, - деп жазды ол.

Ал желі қолданушылары болса, Мақпалға басу айтып, оның қызына тек жақсылықтар тілеумен болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712040-zamanbek-nrkadilovti-tugan-kninde-makpal-znisova-egilip-zylady-video.html