RU

Сәбит Әбдіқалықов шетелде жүріп танылған қазақ баласын қонаққа шақырды

Кәсіпқой бокста 13 рет кездесу өткізіп, жеңіліп көрмеген былғары қолғап шебері Димаш Ниязов туған жері Қазақстанға ат басын бұрды. 2017 жылы "Нью-Йорктің үздік полицейі" атанған қазақ баласы Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы театрда болашақ спорт шеберлерімен және жанкүйерлерімен кездесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш
Димаш Ниязовпен болған кездесу. Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі: UGC

Аталмыш іс-шараны Мүсірепов театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов ұйымдастырды.

Димаш Ниязов
Димаш Ниязовпен болған кездесу. Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі: UGC

Жақында ғана "Бизнес по казахски" фильміне түсіп, актерлық қырынан танылған сегіз қырлы, бір сырлы Димашпен дидарласуға Амалбек Тышанов басқаратын Республикалық спорт колледжінің студенттері келген.

Сондай-ақ, кездесуге ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Ардақ Назаров та қатысты.

Ең алғаш болып сөз алған Амалбек Тышанов айтулы шараға себепкер болған Димаш Ниязовқа отандық спорт киімін табыс етті.

Димаш
Димаш Ниязовқа спорт киімін табыстау сәті. Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі: UGC

Ал театр директоры Сәбит Әбдіқалықов боксшының өзінің "аталас бауыры" екенін алға тартып, оның әрбір жеткен жетістігіне шын жүректен қуанатынын айтты.

Осы орайда, Димаштың туған жеріне, өз ауылына жиі келіп тұруы үшін оны "қазақтың тәрбие көрген инабатты, ибалы қызымен жарастыратынын" айтып қалды. Артынша, Сәбит мырза бұл сөздерінің астарлы қалжың екенін білдірді.

Сәбит Әбдіқалықов танымал боксшыға Шымкенттің қызын алып беретінін айтты
Сәбит Әбдіқалықов танымал боксшыға Шымкенттің қызын алып беретінін айтты: UGC

Қонақтар сөз сөйлеп, тілек білдіріп болған соң Димаш Ниязов орнынан тұрып, өз жұртымен қауышқанына шексіз бақытты екенін жеткізіп, көпшілікке алғыс айтты.

Бұдан соң спорт колледжінің студенттері мен басқа да көрермендер боксшыға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық әңгімелесті.

Сәбит Әбдіқалықов танымал боксшыға Шымкенттің қызын алып беретінін айтты
Сәбит Әбдіқалықов танымал боксшыға Шымкенттің қызын алып беретінін айтты: UGC

Еркін форматта өткен сұхбат аяқталған соң театр сахнасында кішігірім концерт қойылып, Ләлә Бақытнұрқызы, Өктем Алтаев, Ерден Жақсыбеков сынды әншілер қонақтарға әннен шашу шашты.

Сәбит Әбдіқалықов танымал боксшыға Шымкенттің қызын алып беретінін айтты
Ләлә Бақытнұрқызы. Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі: UGC

Сәбит Әбдіқалықов танымал боксшыға Шымкенттің қызын алып беретінін айтты
Ерден Жақсыбеков. Фото: Мүсірепов театрының баспасөз қызметі: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1712099-sbit-bdikalykov-setelde-zrip-tanylgan-kazak-balasyn-konakka-sakyrdy.html