Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бюджетті тонаған олигархтың ұлына халықаралық іздеу салынды

Жарияланған күні:

Шымкентте экс-шенеунікке халықаралық іздеу салынды. Бұрын Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы болған Асылжан Жамалбеков ұйымдасқан топ құрып, мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке іліккен. Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Асылжан Жамалбеков. Фото: express-k.kz
Асылжан Жамалбеков. Фото: express-k.kz: UGC

Судьяның айтуынша, Асылжан Жамалбеков 437 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деп айыпталып отыр. Бұл жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға соңғы бірер жылда бағытталған қаражат болатын. Алайда Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері анықтағанындай, шенеунік миллиондарды мақсатына жұмсамай, талан-таражға салған көрінеді.

"Қазіргі кезде оның бой тасалап жүргеніне байланысты тергеу амалдарынан оны халықаралық кеше 5-қаңтар күні халықаралық іздеу жариялау туралы ұсынысы тергеушінің қанағаттандырылып, Жамалбековке қатысты халықаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды", - дейді Шымкент қаласы Абай аудандық сотының судьясы Еркін Отарбаев.

Тергеу дерегіне сүйенсек, қаржылық құйтырқылықтарға экс-шенеуніктен бөлек тағы 14 адамның қатысы бар. Барлығы қамауда. Оның арасында полиция мен орталық қызметкерлері де бар.

Еске салайық, былтырғы маусымда Шымкентте ұсталған 47 жастағы Индира Жүнісәлиева есімді азаматшаның осы іске қатысы бар. Осы істегі басты фигуранттың бірі болған ол қарапайым халықтың сеніміне кіріп, "мемлекет беріп жатқан жәрдемақыдан аласыңдар" деп әрқайсының атынан шот ашқан көрінеді.

Сол кезде топ басшысы ретінде аталған оның көлігі мен үйін тінту кезінде 180 дана пластикалық банктік карталар, 88 дана мөр, 2 млн теңгеден астам ақша алынды.

Бұдан бөлек жеке куәліктер мен жеке кәсіпкерлерге тиесілі еңбек кітапшалары да табылған. Мәлім болғанындай, ұйымдасқандар құйтырқылық әрекеттерін жалған кәсіпорындардың көмегімен жүзеге асырып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1712136-symkentte-budzetti-tonagan-oligarhty-lyna-halykaralyk-izdeu-salyndy/