Танымал актрисамен Голливудта демалған шенеуніктің басы дауға қалды (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті Орал әкімі орынбасарының бал айын Голливудта өткізгені туралы білмейтін болып шықты деп хабарлайды "Уральская неделя" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Аталған департамент өкілдері әкім орынбасарының "бал айын" қайда өткізгені туралы білмейтінін айтты. Сондықтан, олар бұл іске қатысты тексеру жүргізетінін жеткізді.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басшысы Болат Исақов Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде ведомство жүргізген тексерістер туралы айтты.
Нақтырақ айтсақ, шенеуніктердің әлеуметтік желілердегі аккаунтарына тексеру жүргізілген. Осы арқылы мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексіне нұқсан келтіретін әрекеттері туралы ақпарат алынады.
Мемлекеттік қызметкерлердің аккаунттарынан этикалық нормаларға сай келмейтін 186 суретті анықтадық. Ескерту айтылған соң шенеуніктер барлық жазбалары мен пікірлерді өшіріп тастады. 48 шенеунік тәртіптік жазаға тартылды", - деді Болат Исақов.
Брифингте журналистер Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев туралы сұрақ қойды. Жуырда ғана шаңырақ құрған ол жұбайымен бірге Голливудта демалып жатыр деген ақпарат тараған болатын.
Бұл ақпараттың тарауына оның жары Нұрбигүл Егізованың Instagram желісіне жүктеген суреті себеп болған еді.
Біз мемлекеттік қызметкерлердің өзіне ғана тиесілі аккаунтарды тексереміз. Біз олардың жұбайларының парақшаларын қарамаймыз. Мен бұл жайт туралы алғаш рет естіп отырмын. Алайда, шенеунікке тиісті нұсқаулар айтатын боламыз", - деді Болат Исақов.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1712333-tanymal-aktrisamen-gollivudta-demalgan-seneunikti-basy-dauga-kaldy-foto/