jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Экс-депутаттан зорлық көргенін айтқан бойжеткен әділеттік іздеп, Астанаға келді

    : UGC

    Экс-депутаттан зорлық көрдім деп жанайқайын жеткізген 19 жастағы Елена Иванова әділеттік іздеп, Астанаға келді. Ол 53 жастағы айыпталушы Ержан Ысқақовтың жазалануын талап етуде деп хабарлайды NUR.KZ.

    Экс-депутаттан зорлық көргенін айтқан бойжеткен әділеттік іздеп, Астанаға келді
    Экс-депутаттан зорлық көргенін айтқан бойжеткен әділеттік іздеп, Астанаға келді: UGC

    ШҚО-дан Астанаға жету үшін Елена бірнеше рет бағыт ауыстырғанын айтуда. Ол жолай экс-депутаттың қолына түсіп қалудан қорыққанын алға тартты.

    Сондай-ақ, бойжеткен қоқан-лоққыға тап болғанын, ал билік көмектеспей жатқанын айтып, шағымданды. Елена аяусыз зорланғанын дәлелдеп, бұрынғы депутатты жазалауға ниетті.

    "ШҚО-да істі жауып тастады. Ол маған телефоннан қоқан-лоққы көрсетіп, құмырсқаша таптай салатынын айтты", - деп көзіне жас алды Елена.
    Экс-депутаттан зорлық көргенін айтқан бойжеткен әділеттік іздеп, Астанаға келді
    Экс-депутаттан зорлық көргенін айтқан бойжеткен әділеттік іздеп, Астанаға келді: UGC

    Бойжеткен, тіпті ІІД қызметкері оны қорқытпақ болғанын айтуда.

    "Мені сұрақтың астына алған Өскемен ІІД-нің қызметкері "шындықты айтпасаң, сені өзім зорлап тастаймын" деп қорқытты", - дейді Елена.

    Еске салсақ, бойжеткен бұған дейін экс-депутат оны зорлап тастағанын жалпақ жұртқа жария еткен болатын.

    Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

    Экс-депутаттан зорлық көргенін айтқан бойжеткен әділеттік іздеп, Астанаға келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram