Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада бет қаратпайтын аяздан әйнектер шытынап, сынып жатыр (фото)

Жарияланған күні:

Елордада қатты аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, тұрғындарға қала ішінде жүріп-тұру қиындап тұр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр
Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр: UGC

Астанада қытымыр қыс қаһарына мініп, үскірік аяз күшейгелі бері, елордалықтардың да әбден берекесі қашты. Қалада жаяу жүргіншілердің қарасы сиреп, такси жүргізушілернің «қызметі» қыза түскен.

"Мынадай аязда автобус күтудің өзі қиын, қалың киінбесең бет-жүзіңді үсіріп алуың әбден мүмкін. Сондықтан, қала халқы жаппай такси ұстап әлек. Кеше әлеуметтік желіден аязды күндері таксистер бағаны шарықтатып жіберді дегенді оқыдық, бәрі құр сылдыр сөз. Керісінше, шамамыз жеткенше жол-жөнекей көзге іліккен жолаушыларды діттеген жеріне жеткізіп тастауға тырысып жатырмыз. Соңғы бес жылда мұндай аяз болмаған, енді, екі-үш күн шыдап кетсек, аяздың бетін қайтады деген үміттеміз", -дейді астаналық Бейсен есімді такси жүргізушісі.
Астанада бет қаратпайтын аяздан әйнектер шытынап, сынып жатыр (фото)
Астанада бет қаратпайтын аяздан әйнектер шытынап, сынып жатыр (фото): UGC

Қаладағы аяздың қатты болғаны соншалық, тіпті, аялдама әйнектері суыққа шыдамай, шытынап кетіп жатыр. Мұндай көрініс, шаһар ішіндегі бірнеше аялдамада байқалады.

Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр
Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр: UGC

Елордадағы аяз салдарынан, кейбір кеңсе ғимараттарындағы сынап бағанасы да төмендей түскен. Мәселен қаланың қақ ортасында орналасқан «Qazkom» банкінің мына бөлімшесінде, қызметкерлер тіпті, сырт киіммен қызмет етуге мәжбүр.

Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр
Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр: UGC

Қала ішінде бой көтерген мұз алаңдыра да қаңырап бос тұр.

Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр
Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр: UGC

Ал елорданың атышулы жылы аялдамаларының суықта пана болатынына күмән көп. Мәселен Сауран көшесінің бойында орналасқан мына жылы аялдама қабырғаларын қырау басып, іші қаңырап тұр.

Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр
Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр: UGC
"Көргендеріңіздей, тіпті, Wifi болады деп күтілген еді. Қайдағы интернет? Тек желден пана болады демесеңіз, жай аялдамадан түк айырмашылығы жоқ, азынап тұр. Ханшатыр жақтағы аялдамада пеш деген болушы еді, мында көргендеріңіздей пеш дегенің атымен жоқ. Мына аязда осы аялдамаларды жылытып қойса болар еді ғой", - деп күйінді елордалық ақсақал.

Сонымен қатар, тұрғындар қала ішіндегі автобустардың да уақтылы жүрмейтінін, салдарынан, аялдамада сағаттап көлік күтуге мәжбүр екендіктерін жеткізді.

Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр
Астанада бет қаратпайтын аяз салдарынан аялдама әйнектері шытынап, сынып жатыр: UGC
«Автобустардың кешелі бері уақыттары өзгерген, жайда тез келе қалатын №32 мен №50-ші автобустар бүгін жарты сағатта бір жүріп жатыр. Сұмдық емес пе? Жарты сағатта неміз қалады? Үсіп қалатын болдық», - деп сөзін жалғастырды қария.

Айта кетейік, еліміздің бірқатар облыстарында кешелі бері ауа темперутарасы күрт төмендеп, кей аймақтарда түнде тіпті - 45 градусқа дейінгі аяз болады деп болжанып отыр.

Осыған орай, елордада кешеден бері мектеп оқушыларына сабақ тоқтатылып, қала билігі мемлекеттік органдар мен жұмыс орындарына тұрғындарды жұмыстан ерте қайтаруға шақырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713248-astanada-bet-karatpajtyn-aazdan-jnekter-sytynap-synyp-zatyr-foto/