Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті

Жарияланған күні:

Астаналықтардың қайырымды әрекеттері жұртты таң қалдыруда. Олар көшеде тұрған жолаушыларды үйлеріне тегін жеткізіп, отыны таусылған отбасыларды көмірмен қамтамасыз етуде. Мейірімді жандардың мақтауға тұрарлық әрекеттері жайында "Еуразия" бірінші арнасы хабарлады.

Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті: UGC

Үскірік аяз елордадағы тынымсыз тірлікті бәсеңдете алмағандай. Көшеде жұрттың қарасы көп. Аялдама толы жолаушы. Ал суыққа шыдамағандар жол бойына шығып, қол бұлғауға мәжбүр. Сірә сергектен сескенген болар, тоқтап жатқан көлік жоқ. Ал мына екі азамат артық айыппұл аларын білсе де кешеден бері 50 шақты адамды барар жеріне жеткізген. 

«Кешке жақын жұмыстан шыққаннан кейін, осылай өзім шығып, күн салқында адамдарды жеткізіп салып. Шамалы болса да қала тұрғындарына көмектесейік деген ниеттемін. Алла разы болсын», - ерікті Ернұр Данияров.
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті: UGC
«Бараевадан Леснаяға дейін апаруға келістім. Жеткен соң, маған ақшаберіп жатыр. Мен айттым осындай акция болып жатыр деп. Ол сенбей жатыр. Рахметін айтып, жылайын деп қалды апа. Таң қалып жатыр», - дейді ерікті Гейдар Шимшилов.
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті: UGC

Жігіттер қайырымдылық акциясы жайында мешіттен естіген екен. Имамдар қала әкімінің игі бастамасына бірден қолдау білдіріп, жамағатты атсалысуға шақырған. Қолдағандар аз болмапты.

«Үш түрлі бағытта көмек көрсетіліп жатыр. Біріншісі аялдамадағыларға тегін такси қызметі. Екіншісі көшеде жұмыс істеп жатқандарға ыстық шай, тамақ ұсыну. Үшінші үйінде отыны көмірі жоқ, кісілерге көмір ұсыну», - дейді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.

Имамдардың сөзінше, бірнеше отбасын аяздан құтқарып, шаңырағына жылу беруге әр адамның үлесі тиіпті. Себебі бұл көмір жиналған садақаға алынған екен. Жалпы қыс басталғалы Астаналық мешіттер көмекке мұқтаж бірнеше үйді отынмен қамтамасыз еткен. Жағары таусылып, жаны қысылғандар әлі де келіп жатқан көрінеді. 

Қазір сынап бағанасы 40 градусты көрсеткенімен желдің әсерінен 50 градустай сезіледі. Осындай үскірік аязда жаурамас үшін Астана жастары қайырымдылық акциясын өткізуде. Олар адам көп шоғырланған аялдамаларға келіп ыстық шай таратып жүр.

Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған астаналық еріктілер елді тәнті етті: UGC
"Негізгі идея жастардың өзінен шықты, 60-қа жуық ерікті қазіргі уақытта таңғы сағат жетіден тоғызға дейін Астана тұрғындарын жұмысқа дейін тегін жеткізу арқылы  сондай акция өткізіп отыр. Ол біздің ескі вокзалдан сол жағалауға дейін", - деп түсіндірді ерікті Мұхамеджан Болысбек.

Жастардың ықыласына үлкендер ризашылығын білдіріп, батасын да берген. Дегенмен "Құндылығы өзгерген қоғамда мұндайды көреміз деп ойламадық" деп аң-таң болып қалғандар да көп болыпты 

Біреулер жаураған жұртқа ыстық шай беріп, ал енді бірі барар жеріне жеткізіп сауап алып жатса, кейбіреулер аязды күнді пайдаланып табыс таубуға тырысуда. Мысалға Қосшы, Қоянды, Талапкер бағытындағы автобустар тоқтап қалған. Ал әдетте 200 теңгеге апаратын жүргізушілер бағасын 1000 теңгеге көтеріп тастаған. Ал кезінде 10 миллионға салынған аялдамалардың есігі жабық күйінде тұр.

«Аялдамалар жолаушылар көп жиналатын жерде болғандықтан есіктері ашылып жабылуы қиындық тудырады. Себебі онда кіріп-шығу өте көп», - дейді қалалық көлік басқармасының бөлім басшысы Руслан Абдуалиев.

26 аялдамаға сервистік қызмет көрсете алмай отырғанда, тағы да 56-сын салуды жоспарлап қойған. 

«Ағымдағы жылы 56 аялдаманың сметалық-жобасы дайын тұр. Қазіргі таңда ақша бөлу мәселесі қарастырылып жатыр», - деп жалғады сөзін Руслан Абдуалиев.

Астана үшін жылы аялдамалардың керегі анық. Бірақ олардың қызыл-жасыл қаңқасы көзбояушылық үшін жасалмаса болғаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713673-aazda-kligimen-halykty-tegin-tasygan-astanalyk-eriktiler-eldi-tnti-etti/