RU

Әлемдегі ең ерекше отбасылар туралы не білеміз?

Әлемде әр түрлі өмір жағдайларына байланысты бас қосып, шаңырақ көтерген жандар көп. Солардың ішінде ең ерекше 10 отбасы туралы мәліметтерді Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ұсынады.

31 жастағы Кайл Джонс пен 91 жастағы Марджори Маккул. Олар халық алдына шыққанда көпшілік оны әжесі мен немересі ме деп ойлап қалады. Ерекше жұп 2009 жылдан бастап кездесе бастапты. Кайл жастайынан өзінен ересек әйелдерді ұнатқан екен.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Верн Тройер мен Дженис Галлен. 2004 жылы "Гарри Поттер" және "Остин Пауэрс 2" фильмдеріне түскен актер Верн атақты модель Дженис Галленге үйленген. Алайда бұл жұп көп ұзамай-ақ ажырасып кетті. Азамат жарының өзіне ақша үшін үйленгенін біліп қойыпты.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Үндістан тұрғыны Мангли Мунда итке тұрмысқа шыққан. Жергілікті халық сенімі бойынша, қыз итке тұрмысқа шықпаса, алдағы уақытта оны бақытсыздық күтіп тұрады екен. Сондықтан, 18 жастағы бойжеткен осындай некеге амалсыз келіскен.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

28 жастағы қытайлық жігіт қуыршаққа үйленді. Себебі ол обыр ауруына шалдыққан екен. Көп ұзамай өлетінін білген жігіт бір адамның тағдырын аяққа таптамайын деп, жансыз қуыршаққа үйленген.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Әлемдегі ең түкті азамат пен оның жары. 32 жастағы қытайлық Юй Чжэнхуан денесінің 96 пайызы қалың түктен тұрады. Алайда бұл оның махаббатымен бас қосуына кедергі болмапты.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Грейс Гедлер алты жыл жалғыз жүрген соң, өз-өзіне тұрмысқа шығып алды. Ұлыбританиялық ару тойына 50 адамды шақырып, қуанышын бөліскен.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Ұлыбританиялық Барбарелла Бюхнер мысықтарына тұрмысқа шықты.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Екеуі де жынысын аустырған әлемдегі алғашқы отбасы. Арин Эндрюс пен Кэти Хилл жынысын ауыстыру бойынша дәрігерге барып жүргенде танысқан.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Әлемдегі ең толық әйел мен оны жұбайы. 38 жастағы Айова штатының тұрғыны Чарити Пирстің салмағы 358 келі. Ал оның 22 жастағы күйеуі қалыпты салмақтағы азамат.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

АҚШ-тағы ең жас жұбайлар. Техастың тоғыз жасар тұрғыны Джайла Купер ақ қан ауруына шалдыққан. Ол жеті жасар Хосемен ауруханада танысыпты. Кішкентай қыз тұрмысқа шығуды қатты армандаған екен. Сол кезде Хосе оған ұсыныс жасап, үйлену тойын ұйымдастырған. Алайда Джейла көп ұзамай қайтыс болады.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1713943-lemdegi-e-erekse-otbasylar-turaly-ne-bilemiz.html