Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

ОҚО-да «Иегова куәгерлері» бірлестігіне кірген әйел жанұясына тиесілі баспананы сектантарға сыйлап жіберіпті. Соның салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасып, екі жақты өмір сүруге тура келген деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді
Әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді: UGC

Сайрам ауданында тұратын Дүйсенбековтер отбасында үш жылдан бері береке жоқ. Нұрсейіттің айтуынша, жұбайы Эльвира «Иегова куәгерлері» қатарына мүшелікке еніп кеткен. Содан бері шаңырақта үнемі ұрыс шығады екен.

Болмаған соң, ерлі-зайыптылар ажырасып тынған. Оған отағасы діншілдерді кінәлап отыр.

«Әйелімді арбап, үйді де тартып алды. Өздерінің кітаптарын оқиды. Отызыншы қаңтар күні ажырасуыма тура келді. Мені де осы дінге тартқан еді, мен қарсы болдым», - дейді Нұрсейіт Дүйсенбеков.

Күйеуінің сөзін отанасы жоққа шығармайды және жат ағымның жетегінде жүргенін өзі дұрыс деп санайды. Айтуынша, отбасының шырқы бұзылғанын өзі сенген дінге еш қатысы жоқ көрінеді.

Әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді
Әйелі жат ағымның жетегінде кеткен азамат жанайқайын жеткізді: UGC
«Барлығын құдай туралы айтып жатқан соң мен олардың дұрыс деп ойлаймын. Біздің дінбасылар өздерімен өздері жүріп құдай туралы айтпайды. Ал олар барлығын түсіндіріп тәурәт, Інжіл, забур кітаптарынан және олардың білімдері кітапқа негізделген», - дейді жұбайы Эльвира Қараева.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ақсукент ауылында «Иегова куәгерлері» ұйымына 59 адам мүшелікке қабылданыпты. Және олардың қатары жылдан жылға артып келеді екен.

«Осы діни бірлестіктің қызметі туралы оның заңсыз іс әрекеттері бойынша бірқатар арыз шағымдар аудандық ішкі істер басқармасын аудан әкіміне түсіп отыр», - дейді Сайрам аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақылбай Жақсыбеков.

Қазір Нұрсейіт Дүйсенбековтің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы жұбайының қолында тәрбиеленіп жатыр. Ал, өзі туыстарының үйін жағалап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715420-oko-da-jeli-zat-agymny-zeteginde-ketken-azamat-zanajkajyn-zetkizdi/