RU

Ауа-райы болжамы: Елімізде күн жылына бастады

Елімізде демалыс күндері бірқалыпты аяз сақталып, түнде және таңертең тұман күтілуде. Ал күндіз көптеген аймақтарда шамалы бұлтты, күн шуақты болады деп хабарлайды РМК "Казгидромет" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Астана қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы:

11 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс, солтүстік-шығыс желі - 7-12м/с соғады. Түнде ауа температурасы -18-20°C, күндіз -10-12°C болады.

Алматы қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы:

11 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -7-9°C, күндіз +1+3°C болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1716180-aua-rajy-bolzamy-elimizde-kn-zylyna-bastady.html