Ауа-райы болжамы: Елімізде күн жылына бастады
Опубликовано:
Елімізде демалыс күндері бірқалыпты аяз сақталып, түнде және таңертең тұман күтілуде. Ал күндіз көптеген аймақтарда шамалы бұлтты, күн шуақты болады деп хабарлайды РМК "Казгидромет" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Көрнекі фото желіден алынды Көрнекі фото желіден алынды](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx20jlspj03c2.jpeg)
Астана қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы:
11 ақпанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Шығыс, солтүстік-шығыс желі - 7-12м/с соғады. Түнде ауа температурасы -18-20°C, күндіз -10-12°C болады.
Алматы қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы:
11 ақпанда: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -7-9°C, күндіз +1+3°C болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716180-aua-rajy-bolzamy-elimizde-kn-zylyna-bastady/