RU
Меруерт Түсіпбаева мен Баян Мақсатқызының арасындағы дау өрши түсті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Меруерт Түсіпбаева мен Баян Мақсатқызының арасындағы дау өрши түсті

Рассказать Вконтакте

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясының сапасына көңілі толмаған Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызы туралы пікірін ашық айтты. Оның айтуынша, продюсер түсірілім барысында топпен түскен студенттерге бір тиын да төлемей, тіпті су да бермей қойған. Бұл туралы өз ойын ашық айтатын әнші 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызының өтірігін әшкереледі

Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызының өтірігін әшкереледі

"Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын. Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткермін. Мемлекетке сіңірген еңбегім жеткілікті, құдайға шүкір. Бұл атақты президентіміз қол қойып тұрып өзі берген. Бұл "Халық әртісі" деген атақпен парапар. Сол үшін, ол - Баян ба, саян ба, қоян ба, ол бай ма, кедей ме, танымал ма, танымал емес пе - маған бәрібір. Мен Қазақстан Республикасында, демократиялық қоғамда өмір сүріп жатқан қоғам қайраткері ретінде өз пікірімді білдіруге құқылымын", - деді әнші.

Оның айтуынша, бұл мәселеге екі әйелдің ортасында дау деп қараған дұрыс емес, себебі мәселенің артында ұлттық мүдде тұр.

"Иә, солай ғана қалды. Екі хат жазылды. Продюсер ханым мұны екі әйелдің ортасындағы кикілжің деп шығарғысы келді. Мәселе онда емес, бұл ұлттық мүдде. Бұл мәселені "Қазақ үні" сайты көтерген. Сайттағылар "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" телехикаясын қарап, жіктеп, тізбектеп, қателіктерін көрсеткен. Басты рөлде ойнап жатқан әкімнің орынбасарының қызы, көзіне кірпіктер жапсырып алған. Ол тіпті қазақ тілін дұрыс меңгермеген. Фильмде оған "Қодарға тұрмысқа шығасың "десе, ол өз шешесіне "Қодарға өзің ти" деп айтады екен. Енді бүгінгі күні, 21-ғасырда өмір сүріп жатсақ да, мен анама олай айта алмаймын. Заманауи адам болсақ та. Сол үшін Баян ханым бұл мәселені екі әйелдің ортасындағы ұрыс-керіске, өсек-аяңына айналдырмасын", - дейді әнші.

Сондай-ақ, Меруерт Түсіпбаева Баянның өтірігін әшкере етті.

"54 миллион теңге. Бұл мен және сіздің, халықтың салығынан жиналған ақша, ол ақшаға жауап беру керек. Ол кісі айтып жатыр, массовкаға қатысқандарды үш рет тамақтандырдық, оларға ақша төледік деп. Бірақ оған қатысқан балалар маған хат жазды, ешқандай ақша төлемеген, тіпті су да бермеген екен. Мемлекеттің тапсырысымен түсіріліп жатқандықтан, сендер жұмыс істейсіңдер деп, біздің Жүргенов академиясының студенттерін алған. Тамақ бермеген, ақша төлемеген, сусыз да жүрген. Айта берсек, оның барлығын қопарсақ, әңгіме көп...

Баян Алагөзова мықты продюсер шығар, ол кісі тракторшылар, сиырлар туралы кино түсіре берсін, бірақ қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер біздің ата бабамыздан қалған ұлттық мүддеміз "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" эпосын түсіруге әлі деңгейі жеткен жоқ. Он Баян ханым, "иә, жетпеді" деп қабылдауы керек. Тағы да айта кетейін, "Қазақ үні" сайты, мен емес зиялы қауым өкілдері, Қайнар Олжайға дейін ескерту жасап, "киемен ойнама, киенің киесі атады" деп талай мақала жазды. Кіріңіз сайтқа, оқыңыз. Бұл оқиғаны екі әйелдің оқиғасы деп қабылдасаңыздар, бұл сіздердің сауатсыздықтарыңыз", - деп ашығын айтты ол.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
22
10
13
7
8
319
16
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір