RU
Қуанышын жасыра алмаған ақтөбелік келіншек кəсіпкер жалдап берген коттеджін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қуанышын жасыра алмаған ақтөбелік келіншек кəсіпкер жалдап берген коттеджін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде ішімдікке салынған күйеуі түн жарымында жеті баласымен далаға қуып шыққан келіншек бүгінде бақыттан басы айналып жүргенін айтты деп хабарлайды өңіпрдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жеті баласымен жалғыз қалған ана кəсіпкер алып берген үйін көрсетті (фото)

Ақтөбеде жеті баласымен жалғыз қалған ана кəсіпкер алып берген үйін көрсетті (фото)

Қыстың түнінде далада қалған 35 жастағы Тұрсынай Бердановаға ақтөбелік белсенді топ көмектескен. Қайырымды жандардың көмегімен алғашында сарайға, кейін коттеджге көшірілген келіншек мейірімді жандарға алғысын жеткізді.

"Алғашында жастар маған шағын үйді жалдап берген болатын. Бір азамат жағдайымды көзімен көргеннен кейін осы жерге көшіріп əкелді. "Апа, сізгі көмектесейік, балалар жылы үйде болсын" деді. Сол кезде ылғал үйде балалар ауырып жатты. Ол адамдар бізге дəрі əкеліп беріп, мені ертіп жүріп пəтер іздеді.  Қазір біз хан сарайында тұрып жатқандаймыз", - дейді Тұрсынай Берданова.
Ақтөбеде жеті баласымен жалғыз қалған ана кəсіпкер алып берген үйін көрсетті (фото)

Ақтөбеде жеті баласымен жалғыз қалған ана кəсіпкер алып берген үйін көрсетті (фото)

Күйеуінің сабағанынан тістеріне дейін сынып қалған əйелге дəрігерлер де тегін ем көрсеткен. 

"Осы үйге келгенде қатты таң қалдым. Үлкен коттедж күшті. Сіздерге сол кездегі жағдайымды айтып жеткізе алмаймын. Көзімнен бірден жасым шықты. Жары құлап, сыз тартқан үйден коттеджге көшемін деген үш ұйықтасам түсіме кірмес еді. Періштелерімнің несібесі шығар. Тек "Алла бар екен-ау" дей беріппін. Қазір мына үй жылы, кең. Балаларым да "Мама, үй күшті" деп қуанып жүр. Саунасына дейін бар екен деп қыздарым жылап жүр", - дейді ол.

Келіншек қиналған уақытында көмекке жүгірген жастарға алғыс жаудырумен болды. 

Ақтөбеде жеті баласымен жалғыз қалған ана кəсіпкер алып берген үйін көрсетті (фото)

Ақтөбеде жеті баласымен жалғыз қалған ана кəсіпкер алып берген үйін көрсетті (фото)

"Кез келген жағдайда "Жүректен жүрекке" тобының балаларымен ақылдасып отырамын. Бұл үйге де сол балалар көшірісті. Үйге қонақ келіп жатқандай көп бала келді. Бəрі біз үшін қуанып, жүгіріп көмектесіп жатыр. Үлкен үйге көшетінімді естігенде өздері үй алғандай "Тұрсын апа, үйің құтты болсын" деп қуанды. "Жүректен жүрекке" тобының балаларынан естідік деп біреу ақша, біреу тамағымызды əкеліп берді. Өзімді жұмысқа, балаларымды мектепке орналастырды. Бəріне рахмет. Бірінші Алла, екінші осылардың арқасы. Бұрын адамға адам мұндай көмек жасайды деп ойламаушы едім. Мейірімді жандар көп екен", - Тұрсынай Берданова.

Ақтөбелік кəсіпкер жалғызбасты ана тұрып жатқан коттедждің бір жылдық ақысын жəне коммуналдық қызмет ақысын төлеп тұруға уəде берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
7
3
6
72
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel