RU
Ақтаулық келіншек үш баласы мен күйеуіне айтпай, тұрмысқа шығып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаулық келіншек үш баласы мен күйеуіне айтпай, тұрмысқа шығып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

"34 жастағы жігіт пен 65 жастағы әжейдің үйлену тойы" деп желіні шулатқан жас жұбайлардың басынан дау арылмай тұр. 34 жастағы Гоззал Көшмұратованың бұрынғы күйеуінің туыстары жеңгелерінің күйеуге шығып кеткенін БАҚ беттерінен көрген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Гоззал Көшмұратова қазіргі күйеуімен

Гоззал Көшмұратова қазіргі күйеуімен

Үш баласын тастай қашып, беташар жасатқан келіншек бұрынғы күйеуінің туыстарын "əкеме барамын" деп алдаған.

"Болатын нəрсе болды. Ол түзелмейді, ертеден солай жүретін адам. Менің ағаммен 14 жыл бірге тұрды. Олардың 2, 4, 6-шы сыныпта оқитын ортақ үш баласы бар. Інім вахтада жұмыс істейді. Үш баланың шешесі жігіт іздеп Атырауға өз аяғымен барып тұр. Күйеуі жұмысқа кеткенде балаларды қамап кеткен. Қалай жүрегі дауалап кетті екен? Аш отырған балалар айқайлап, көршілер арқылы əкелерін шақыртқан. Інім əйелін бір апта іздеп, полицияға арыз жазды", - дейді Гоззалдың бұрынғы күйеуінің қарындасы Катя Омарова.

Айтуларынша, олар шарқ ұрып іздеп жүрген жеңгелерінің беташарын NUR.KZ-тен көріп, шалқаларынан түскен.

"Оның үйлену тойын NUR.KZ-тен көрдік. Ол кезде күйеуі оның тұрмыс құрып кеткенін білмейді. "Қорлық көрдім" депті. Күйеуінің қойнында жатып, қандай əйел басқа еркекпен сөйлеседі? Жолдасымен бір төсекте жатып, сегіз ай бойына басқа еркекпен сөйлескен. Барлығын тілінен табады", - дейді ол.

Туыстары бауырларының шаңырағы шайқалғанда есеңгіреп қалған. Қазіргі уақытта аналары тастап кеткен үш баланы бағу үшін ауылдан əжесі келіпті.

"Əжесі ауылдан келіп үш баланы бағып отыр. Балалар үшін қиналамыз. Менің ағама да қатын табылар. Үш бала жəутеңдеп қалады. Əйел кетті, енді бала əкесімен қалса дейміз. Ана жақта бір бөлмелі жатақханада тұрса, балаларды қайда апарады? Оның үстіне балалардың не өзінің құжаты жоқ. Қандай əйел екенін осыдан-ақ біле беріңіз. Мен түсінбеймін, біреудің əйелін қатын қылатындай ана еркектің басына не күн туды екен?", - дейді бұрынғы күйеуінің туыстары.

Қазіргі уақытта Гоззал Көшмұратова бұрынғы күйеуімен балаларын бөлісе алмай, дауласып жүр.

Еске сала кетейік, жақында екі жастың беташарында жасалған видео желіні кезіп кеткен еді.

Материалды көшіріп басуға тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
144
19
38
11
10
23
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір