Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді

Жарияланған күні:

Қазақстан президенті «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына өзгеріс енгізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Назарбаев латын әліпбиіне өзгеріс енгізді
Назарбаев латын әліпбиіне өзгеріс енгізді: UGC

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген ресми хабарламда.

Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті
Назарбаев латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті: UGC

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717797-nazarbaev-latyn-karpindegi-kazak-lipbiine-zgeris-engizdi/