RU

Тоқал болу - рахат: Екі рет тоқал болған келіншек аста-төк өмірімен мақтанды

Бүгінгі таңда елімізде тоқал алу мәселесі өршіп тұрғаны белгілі. Көптеген қазақ жігіттері "қазақтың санын көбейту үшін тоқал алу керек" деген пікірде. Ал қыз-келіншектер болса, бұл тек қана желеу екенін алға тартады. NUR.KZ порталына хабарласқан оқырман өзін тоқал болғанын айтып, қалталы адамның екінші әйелі болудың бүге-шүгесімен бөлісті.

Тоқал болу - рахат: Екі рет тоқал болған келіншек өзінің аста-төк өмірі туралы ашық айтты
Көрнекі фото: UGC

Айманның жасы бүгінде 45 келген. Бастауыш сыныпта сабақ беретін 25 жасында өзінен 15 жас үлкен кісінің тоқалы болғанын айтып берді.

"Сөйтіп жүргенде құрбым ағасының досымен кездейсоқ таныстырды. Отбасылы, төрт баласы бар. Содан не керек, ол кісінің маған көзі түсіп, ол маған екінші әйел болуды ұсынды. Көп ойландым. Соңында анамның кеңесімен оның ұсынысын қабыл алдым. Себебі, ол кісі үй алып, айлығы көп жұмысқа тұрғызатын болды. Шынымды айтсам, еш сезімі жоқ.
Бірақ, бала керек, жағдай керек дегендей. Ол кісі қаладан екі бөлмелі үй алып берді. Оған мен екі ұл туып бердім. Есесіне, ол аптасына бір-екі рет кіріп кететін. Болды. Қалған күндері боспын. Миың ашымайды. Онымен ұрыспайсың. Кемшілігіне көзіңді жұма қарайсың. Жақсы емес пе?! Ешқандай жауапкершілігің де жоқ. Мешітке барып некелестік. Екі ұлыма ақшаны үйіп-төгеді. Рахат өмір сүрдім. Сөйтіп жүргенде, ол тағы бір жасырақ әйел тауып алды. Маған айына бір келетін болды. Балаларыма ақша аударып отырады", - деп әңгімеледі әйел.

Қазір Айманның екі баласы мектептің жоғарғы сыныптарында оқиды екен. Айтуынша, күйеуі оған ақшалай көмек беріп тұрғанымен, мүлдем келмейтін болған. Сондықтан, ол екінші мәрте тұрмысқа шығуға ұйғарған.

"Жақсы қызметте істеймін. Менің де жеке өмірімді реттеуім керек. Менің жасымда отбасы жоқ ер-азамат табу қиын. Сондықтан, екінші мәрте бір кісінің тоқалы болуға шештім. Тоқал болған - рахат қой. Ешкім миыңды қатырмайды. Ананы сөйт, мынаны бүйт деп бұйырмайды. Мәдениетті түрде кездесіп, уақытты бірге өткіземіз, болды. Қалған уақытта заңды әйелінің қасында. Жылына екі рет шетелге шығып тұрамыз. Әйелін көп қыдыртпайды, бірақ маған көңіл бөледі. Әйтпесе, маған оның түкке қажеті жоқ болады ғой. Кемпірі болса, үйде немерелерінің жанында отырады. Ол кісінің жасы алпыстан асты", - дейді Айман.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718004-tokal-bolu-rahat-eki-ret-tokal-bolgan-kelinsek-asta-tk-mirimen-maktandy.html