RU

Алматылық келіншек көңілдесінің әйелін масқара қылды

Алматылық келіншек тығырыққа тіреліп, өмірінің тозаққа айналғанын айтып NUR.KZ порталына хабарласты. Әйелдің айтуынша, күйеуінің көңілдесі оның суретін тауып алып, әлеуметтік желіге жезөкше ретінде таратып жіберген.

Көңілдес
Көңілдес: UGC

Балжан (ред.- автордың аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек күйеуінен әбден көңілі қалып, бүгінде оны жарым деп есептемейтінін айтады. Бір жылдан бері оның көңілдесі мазасын алып, телефон нөмірін жезөкше ретінде таратып, масқарасын шығарғанын айтады.

"Күйеуімнің менен өзге тағы бір әйелге барып жүргенін білгеніме бір жарым жыл болды. Бастапқыда не істерімді білмей анамның үйіне кетіп қалдым. Бір ұлым бар. Күйеуім бірақ жаза басқанын айтып, қоймай да қоймай үйге қайтып алып келді. Ол енді көңілдесімен байланысын үзетінін айтып сендірді. Содан арада бес ай өтті. Мен оның телефонын тығып, менен бір нәрсе жасырып жүретінін сезіп, талай ұрыс та шығардым. Бірақ ол үйге қонады. Жұмыстан уақытылы келеді. Сондықтан сендім. Әрі оны уәдесінде тұрады деп ойладым. Бір күні құрбым әлеуметтік желіде жарияланған менің суретімді көрсетті. Онда менің жезөкше ретінде қызмет көрсететім жазылған. Дәл өзімнің суретім және менің телефоным. Бір қызығы ол сурет тек күйеуімнің телефонында болатын", - дейді әйел.

Осыдан кейін оған телефон қоңыраулары толассыз келіп түсе бастаған. Ал күйеуі ешнәрсені білмейтінін айтқан.

Ол мұны ести сала, қатты ашуланып, біреуге қоңырау шала бастады. Сөйтсем ол көңілдесі екен, оған қатты айқайлап, ұрсыса кетті. Мен оның телефонын жұлып алып, өзім сөйлестім. Көңілдесі болса, оның күйеуімнен бір қызы бар екенін және әлі де қарым-қатынастары үзілмегенін жеткізді", - дейді әйел.

Осылайша Балжан қатты күйзеліске түсіп, күйеуімен ажырасуға бел буған. Алайда оған әлі де көптеген адамдар хабарласып, интимді қызмет көрсетуін сұрайды. Қазіргі таңда Балжан құқық қорғау органдарына арыз жазып, күйеуінің көңілдесі тиісті жазасын алады деп үміттенеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718419-almatylyk-kelinsek-kildesini-jelin-maskara-kyldy.html