RU
СҚО-да махаббаттан басы айналған әйел үш баласын күйеуіне тастап, кетіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

СҚО-да махаббаттан басы айналған әйел үш баласын күйеуіне тастап, кетіп қалды

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмаған үш баласын жалғыз асырап отырған ер азамат құлағалы тұрған үйді паналап отыр. Жақсылық Асқаровтың тіпті ол баспанаға заңды құжаттары да жоқ деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

СҚО-да махаббаттан басы айналған әйел үш баласын күйеуіне тастап, кетіп қалды

СҚО-да махаббаттан басы айналған әйел үш баласын күйеуіне тастап, кетіп қалды

Оның мәселесін жақсы білетін Мағжан Жұмабаев ауданының шенділері заңды белден басып жалғызбасты әкені пәтер кезегіне қоя алмаймыз дейді. Қойғанның өзінде бұл отбасының қоныс тойын тойлауы екіталай. Аудан орталығында он жылдан бері кезекте тұрғандарға бірде-бір пәтер берілмепті.

Жақсылық Асқаров пен Алмагүл 12 жыл бірге тұрған. Келіншек 4 жыл бұрын үш баласын тастап, өзге еркектің етегін ұстап кете барыпты. Аналары кенжелерінің есінде жоқ, ал ес біліп қалған ересегінің оған деген өкпесі қара қазандай.

"Мен оны жек көріп қалдым. Өйткені ол мені тастағаны үшін. Ол қазір келсе мен оған кет деуші едім. Әкем болса болды.", - дейді оның 7-сынып оқитын қызы Гүлфайра Асқарова.

Отағасы қазір 25 мың теңгеге жалданып жұмыс істейді. Өзге жұмысқа шығайын десе, күнұзақ балаларға бас көз болатын ешкім жоқ. Әйелін алиментке берген екен, қағаз жүзінде есептелген ақша енді жәрдемақы алуға кедергі болып тұр. Бұл отбасының қазіргі бар мәселесі – баспана.

Асқаровтар отбасы бұл үйге 7 жыл бұрын қоныстанған екен. Балаларын мектепке беруге асыққан олар үйдің ескі құжаттарына да назар аудармай, қолхатпен ғана сатып алған. Енді апатты деп танылған баспананың құжаттарын ретке келтіруге ескі иесінің құлқы жоқ, ал жаңа иесінің ақшасы жоқ.

Сондықтан Жақсылық жалғыз баспанасы апатты деп танылған жан ретінде де пәтер кезегіне тұра алмайды. Ал тепсе темір үзетін азаматтың жалғызбасты әке ретінде үй алуға мүмкіндігі жоқ екен.

"Очередьке тұру үшін менде статус керек дейді, папа одиночка деп. Папа одиночкаға менің статусым жоқ. Материнство ее лишить я никак не могу с документами.

Жақсылықтың жағдайын аудан шендірлері жақсы біледі. Бірақ заңды белшеден басып, оны баспана кезегіне қоя алмаймыз дейді.

"Ол ешқандай категория бойынша баспана кезегіне тұра алмайды. Құжат бойынша оның мойнында ешқандай баспана жоқ. Жалғызбасты әке деп те танылмаған. Оның жұбайы аналық құқығынан айрылмаған. Осы түйткілдерді реттеген соң ғана біз оны үй кезегіне қоя аламыз", - дейді М.Жұмабаев аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Серік Қосанов.

Құжаттарын реттегеннің өзінде бұл отбасының жуық арада қоныс тойын тойлауы екіталай. Он жыл бұрын аудандық әкімдікте түзілген баспана кезегі осы жылдары бірде-бір адамға ілгері жылжымапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
5
3
31
5
11
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір