jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Риза Шайқақ
    Риза Шайқақ
    Бұрынғы қызметкер

    "Исекешов, кет": Әкімнің отставкаға кетуін талап еткен тұрғындар шу шығарды (видео)

    : UGC

    Бүгін Астана қаласы әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде шу шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

    "Исекешов, кет": Астана жұрты әкімнің отставкаға кетуін талап етіп, шу шығарды
    "Исекешов, кет": Астана жұрты әкімнің отставкаға кетуін талап етіп, шу шығарды: UGC

    Елорда əкімінің кездесуінде астаналық бір топ тұрғын əкімнің отставкаға кетуін талап етті.

    Олар сұрақ-жауап бөлімінде залда шу шығарып, тіпті, шаһар атқамінерлерінің басу сөздеріне құлақ аспады.

    "Жыл сайын осы, қашанғы шыдаймыз? Үлескерлер мəселесі қашан шешіледі? Қазір тағы сотқа жүгініңіздер деп шығарып салады, олар түк шешпейді",- деп айғайға басты залдағы бір топ тұрғын.

    Олар тіпті зал балконында "Исекешов отставкаға кетсін!" деген плакат алып шығып, бүлік салды.

    Ал қала əкімі болса тұрғындарды сабырға шақырып, "барлық сауалдарға кезекпен жауап береміз" деді. Сондай-ақ, ол залда шу шығарып, айғайға басқан "Азбука жилья" құрылыс компаниясының үлескерлеріне жеке жауап берді.

    "Сіздер əдейі осы кездесуге ұйымдасқан түрде келгендеріңізді білемін. Бірақ халықты сыйлаңыздар, бұлай бүлік шығарып, кездесудің шырқын бұзбаңыздар!",-деді қала əкімі.

    Атқамінерлердің басу сөзін құлаққа ілмеген үлескерлер ақыры залдан қуылып тынды.

    Балконнан шу шығарған оларға шенділер "залдан шығарылсын, олай кедергі келтірмесін" деді.

    Кездесуге келген тұрғындар да тəртіп сақтамаған үлескерледі сабырға шақырды.

    "Айналайын қарындас, өзің анасың, мəдениет қайда? Астананың халқы осындай болса, жетіскен екенбіз? Ұят қайда? Тым құрығанда мен сияқты ақсақалдардың жасын сыйла",-деп басу айтты кездесуге қатысқан тұрғындардың бірі.

    "Исекешов, кет": Әкімнің отставкаға кетуін талап еткен тұрғындар шу шығарды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.