Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалы болуды ұзақ күткен ақтөбелік азамат жүкті әйелін тастап, басқаға үйленген

Опубликовано:

Ақтөбеде ұзақ уақыт сәбилі бола алмаған келіншекті босануға екі апта қалғанда жолдасы тастап кетіп, бір балалы әйелге үйленген деп хабаралйды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Балалы болуды ұзақ күткен ақтөбелік азамат жүкті әйелін тастап, басқаға үйленген
Балалы болуды ұзақ күткен ақтөбелік азамат жүкті әйелін тастап, басқаға үйленген: UGC
«Мен 17 жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасыммен 4 жылдан аса бірге тұрдық. Ұзақ уақыт бала болмады. Мен бала көтеріп, босануыма екі апта қалғанда жолдасым тастап кетті. Қазір балама төрт ай болады, әкесінен алимент те ала алмай отырмын.
Босанғаннан кейін «қызды болдың» деп хабар жібердім. Ол кісі «баланы өзің асыра, маған керек емес» деп кесіп айтты. Отбасындағы қателік екі жақтан да болады. Қайдан қателескенімді білмеймін. Өмір болған соң мінсіз адам болмайды-ау», - дейді жас ана Амангүл Кеңесбай.

Жас ананың айтуынша, қызының әкесі 26 жаста. Келіншек қызы екеуін жолдасы қажет етпеген соң босанғаннан кейін өзінің ата-анасының қолына барған.

«Мен болашақ отбасы құрғысы келетін қыздарға «ойланып алыңыздар» деген кеңес берер едім. Себебі, барлығы сіз ойлағандай бола бермеуі мүмкін. Жолдасыммен ажырасып кеткенім үшін ешкімді кіналамаймын. Тек керек қылмай, баламен қалдырып кеткені жаныма батты. Қазіргі кезде ол адам басқа әйелге үйленіп алды. Бір баласы бар келіншекті әкеліп қойған.

Ол адам қайтып келсе де, бұл әрекетін кешіре алмайды екенмін. Өмірде екі нәрседен қателеспе: мамандығығың мен жар таңдау. Мені осы сөздің төркінін мен енді түсіндім», - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720068-balaly-boludy-zak-ktken-aktbelik-azamat-zkti-jelin-tastap-baskaga-jlengen/

pixel