Алматыда жоғалған 15 жасар қыз: Мені екі жігіт тар қапаста ұстап, аяусыз зорлады (фото)
Жарияланған күні:
Жуырда Алматы қаласында 15 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы отандық БАҚ жарыса жазған еді. Он екі күн бойы туыстары сабылып іздеген қыз бала кеше Алтын Орда маңынан табылды. Осы орайда, NUR.KZ порталының тілшісіне хабарласқан жасөспірімнің туыстары қызының басынан өткен жантүршігерлік жайтты баяндап берді. Екі күн бойы тар қапаста болдым деген жеткіншек, портал тілшісіне сұмдық деректерді айтты.

23 ақпанда жоғалып кетіп, 12 күннен кейін табылған 15 жастағы қыз бала осы уақытқа дейін қайда болғанын айтты. Айтуынша, оны белгісіз жігіттер зорлап, бірнеше күн бойы тас қараңғы бөлмеде күштеп ұстаған.
Кеше жасөспірім табылған соң қалалық ІІД баспасөз хатшысы ресми пікір білдіріп, қыздың Алтын Орда маңынан табылғанын және осы уақыт бойы оның құрбыларының үйінде болғанын жеткізген болатын. Алайда қыз баланың өзі мұны жоққа шығарып отыр. Ол бірнеше күн бойы белгісіз ер адамдар оны зорлап, соққыға жыққанын айтуда.
"Мен Назым деген жігітпен В Контакте желісінде таныстым. 23 күні қыздармен сабақтан шықтық. Полежаева көшесіндегі остановкаға бардық. Қыздар кетіп қалды. Сол жерде ана жігітпен кездесе
тін болдық. Бардым, кездестім, сөйлестік. Сол жақта Нұртас темір деген жер бар, сонда жеткен кезде мені сүйрей бастады. Сол маңда жеңгем тұратын, ол мені көрді де, аң-таң болып қарап қалды. Бірақ үлгермеді. Назым мені қатты сүйреп, машинаға мінгізіп алды. Қайда барамыз деп сұрадым. Әпкеме бара жатырмын деді", - деген ол, оны бір бөлмелі үйге апарып, ішінен құлыптап алып, зорлағанын айтады.
"Кешкісін Саяхатқа, Мерейдің алдына әкеліп, таксиге салып жіберемін деді. Ол таксистпен ұзақ сөйлесті, ақшасын берді де, мені мінгізіп жіберді, екі жағымда екі бала отырды. Сейфуллинаға жеткен кезде бірінші Алматыға қарай бұрылып кетті. Мені күштеп кола ішкізіп жіберді. Қатты қорқып отырдым. "Аркада" деген кафе бар, соған жеткен кезде мен есімнен танып бара жатқанымды білемін," - деген қыз екі жігіт оны қараңғы, есік-терезесі жоқ бір бөлмеге апарғанын айтады.
Қыздың айтуынша, олар оның соткасын алып, ВKoнтакте желісінің паролін де біліп алған.

Бірнеше күн бойы қара нан мен су беріп, зорлағанын айтқан қыз қанша күн өткенін де, тіпті есімді де білмеймін деп отыр. Жасөспірімнің сөзінше, олар оның қолын тілгізіп, ұзын шашын кеспек болған. Қолы тілгіленген қыз басымнан ұрғанда есімнен танып қалдым дейді.
Ә. болса, өзін ұстап әкеткен жігіттерге ВKoнтакте желісінде танысқан Назымның қатысы бар деп отыр. Себебі олар "сені Назымға" апарамыз деп ашық айтқан.
"Маған қолымды кес деді. Мен кеспеймін деп едім, басымнан ұрды. Тұп-тура мына жерімнен. Талып қалдым. Көп күн өтті... Білмеймін, қанша күн өткенін. Көзімді ашсам, бұлдырлап тұрады. Қап-қараңғы бөлме, тек қана су берді. Есікті ашады да қарайды... Жіберетін күннің алдында маған айтты, Алтын Ордаға барасың, сол жерде Назыммен кездесесің деді. Мен Назымды қайдан танисыңдар деп едім, "братишкамыз" деді. Сені көпірден қалдырамыз, екі жағында екеуіміз тұрамыз. Қашып кетсең, өлтіреміз деді. Сол жерде полицейлер келді, де екі қолымнан ұстап әкетті", - деп жарақаттанған басын көрсетті ол.
Сонымен бірге, қыздың туыстары оны бүгін сараптамадан өткізіп, денсаулығына қатысты медициналық тексеріс жасатқан. Ағасы Жәнібек бұл істі жайдан-жай қалдырмаймын дейді.
Еске салсақ, Алматы қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек:
"Тергеу амалдары аяқталды. Өткен түнде ол қыз бала Алтын Орда базарының маңынан табылды. Қазіргі таңда Жетісу АІІБ-де сұрақ-жауап алу процесі алынып жатыр. Анықталғандай, қыз бала үйінен өз еркімен кеткен.
Ол құрбыларының үйінде болған. Қазіргі таңда ата-анасынан жауап алынатын болады. Кәмелетке толмаған баласының жүріс-тұрысын қадағалау ата-анасына заңмен жүктелген", - деп, ресми пікір білдірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/1720607-almatyda-zogalgan-15-zasar-kyz-meni-eki-zigit-tar-kapasta-stap-aausyz-zorlady-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 16
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
Бул когамга тонип турган апат! Жас бейкуна анкау кыздарды алып кетип , билгегин истеп. Жаыздар. Мундайларды олтиру керек! Тура сол жерлерин кесип тастау керек! Кандай анадан туылады екен мундай жауыздар! Еки аякты андар! Кыздын болашагы не болды енди! Алла жазаларын берсин! Сол бейкуна кыз калай жыласа , Алла сол зорлыкщыларды 100 есе кып жылатсын! Коздеринен жас орнына кан шыксын! Омир бойы жылап отсин!
Умка
Кызды неге кінəлайсыздар? Не біледі 15 жастағы қыз? Алып ұшып тұрған шағы ғой. Мына еркексымақтар күштерін кішкене қызды зорлауға емес, сол қыздарды тəрбиелеуге жұмасаса ғой. Ұлтымызды жойып жатқан осындай арсыз, ұятсыз, тəрбиесіз жарыместер ғой. Обал-ай
Жаннат
Тарбие кайда. Кызга 40 уйден тыю деген бар атам заманнан
Боданкүл
Қыз бала аңқаулықтан қолға түсіп қалды-ау.Обал ғой.Өмірі быт-шыт болды.Жігіттер,үйлеріңде де дəл осындай қыз бар ғой.Қатігездікке қалай жол бересіңдер?Сөзім жоқ.Өмір қорқынышты болып кеткен сияқты!?
Сарико
неге менын комментариям шыкпайды
Сарико
яя
mampan
Ер балалардың қызға зорлық жасауы көбейіп кетті. Оның мебебң мектепте ер мұғмлімдердің аздығынан болып тұр.
Аскар87
Сама виновата
Бактыбай
кинап олтиру керек ондайларды
кизболган
оримдей кыздын омирин куртты-ау. Вконтактде таныскандар жаксы отбасы болып кеткенин коргенмин.Ал мына окига тусиниксиз. Жигиттер неге сонша катыгездик жасады екен. Ак-карасын аныктап,жаза колдану керек.
ainur
Родители конролируйте детей подростков, у них ветер в голове. Виртуальный мир это мир обмана и лжи. Все там красивые умные и гении только на словах. Живите реальной жизнью а не ищите его где-то там за облаками. Желаю удачи девочке и железных нервов в этой непростой историе.
рин
25 жылга соттау керек айуандарды
Мистер
неменеге кездескен. кыздың өзіненде бар кінə. жігіт дегенді жыйнастырып сабакка көңіл болейін деудің орнына
Косе
Неге қалалық ІІД баспасөз хатшысы жалган акпарат береди. Оздерине бале жолаткысы келмейди. Онай шешип коя берсе болды. Нур кз рахмет...
Коментатор1
Ондайларды атып курту керек, адам емес малгумго
Мерке