Тамаша қала: Баян Мақсатқызы Шымкент туралы ойын ортаға салды
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзова еліміздің өзге өңір тұрғындары жиі сөз ететін Шымкент қаласы туралы ойын ашық айтты, деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
"Шымкент - өте тамаша қала. Мұнда талантты адамдар көп. Алдағы уақытта Шымкентте толықтай бір жаңа фильм түсіруге қуана келісемін" , - деді шымкенттіктерге "Сиситай" фильмін таныстырған продюсер.
Жаңа фильмнің таныстырылымы кезінде продюсер көрермен қауымның еліміздің оңтүстік өлкесі тарихи өлкелерге бай, мәселен көне қала "Отырар" туралы тарихи фильм түсіру ойыңызда жоқ па деген сауалына да жауап берді.
Алагөзова ханым тарихи фильм түсіру шығынды көп талап ететіндіктен ондай қадамға көбіне имиджді көтеруге баруға болатынын, ал прокат арқылы шығынды өтеу мүмкін еместігін алға тартты. Сонымен қатар оңүстіктің билігі бұл жайтты ескеретін болса, қуана келісетінін де жеткізді.
"Тарихи жанр ол мүлдем басқа. Бағасы да қымбат. Кәдімгі түсіріліп жүрген фильмдерден он есе көп шығын кетеді. Біздің нарықта ондай фильмдер өз-өзін ақтамайды. Егер жергілікті билік бізді қаржыландырса, әрине, келісемін", - деп жауап берді продюсер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720762-tamasa-kala-baan-maksatkyzy-symkent-turaly-ojyn-ortaga-saldy/