Жұбаныш Жексенұлының баласы итальян қызына үйленді (фото)
Жарияланған күні:
Елімізге белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлы күні кеше келінді болды. Оның ұлы Әбілқайыр Мәриям есімді аруды қолына қондырған деп хабарлайды NUR.KZ.
Жұбаныш Жексенұлының өзге ұлтпен құда болғаны жайында белгілі сазгер Арман Дүйсенов мәлімдеді.
«Құрметті Әбілқайыр - Мәриям! Бақытты болыңыздар!!! Шын жүректен құттықтаймыз!», - деп жазды композитор Instagram парақшасында.
Ал, оқырмандар болса жаңа түскен келіннің қазақшаға судай екенін алға тартты.
Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары өзге ұлттан қыз алған Әбілхайырды сөгіп тастады. «Қазақта қыз қалмады ма? Әдемі жігіт еді.Өзге ұлттың қызының қағып кеткенін қарашы» деді олар.
Айта кетейік, әншінің ұлы әкесінің жолын қуған. Ол да өнерден кенде емес. Әбілқайыр осыдан бірнеше жыл бұрын Жексенұлымен бірге бейнебаян түсірген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721062-zbanys-zeksenlyny-balasy-italan-kyzyna-jlendi-foto/