RU
Төсектегі шайқас: Жан Ахмадиев әйелдерді порно көруге шақырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төсектегі шайқас: Жан Ахмадиев әйелдерді порно көруге шақырды

Рассказать Вконтакте

Заманауи жырау Жан Ахмадиев өзінің Instagram парақшасында төсек пен жыныстық қатынас тақырыбында сөз қозғады. Ол нәзік жандыларға күйеулерін төсекте қалай арыстан қылуға болатынын үйретті деп хабарлайды NUR.KZ.

Жан Ахмадиев. Фото: Instagram

Жан Ахмадиев. Фото: Instagram

Ахмадиев отбасылы ер адамдардың өмірінде бір рет болсын әйелдерінің сыртынан жүріс жасайтынын айтты.

«Шыны керек, "көзге шөп салу" деген дүние кез-келген еркектің басынан өтеді. Жо-жоқ! Менің күйеуім "ондай емес" дейтін шығарсыздар. Ақиқатын айтайын, барлық күйеу өмірінде жоқ дегенде бір мəрте "измена" жасайды. Гарантия! Бұған кім кінəлі? Еркек пе əлде əйел ме? Мүмкін көшеде бір жерін ашып жүрген жас қыздар шығар...? Жауабын анықтан көрейін», - деді жырау.

«Өтірік емес, ер мен əйелді жақындастыратын басты факторлардың бірі жыныстық қатынас. Бір əйелдерден естимін "ойбай, күйеуім түнімен порно көреді, маған жақындағысы келмейді немесе менімен болып жатып көзін жұмып алады. Соған қарағанда басқаны елестететін сияқты" дейсіздер. Көрсін порно. Тіпті өздеріңіз порно көруге ұсыныс жасаңыздар! Себебі, біз ерекектер қауымы "тез қозғышпыз". Сөз бар ғой: "жігіттің бір жері тұрса, басы істемей қалады" деген. Иə, мойындаймыз. Біз еркектер əрқашан ерекшелікті қалап тұрамыз. "Эксперимент" жасағымыз келеді. Бірақ мұны əйелдерімізге айтудан ұяламыз, жасқанамыз. Сондықтан санамыздағы сексуалды қиялымызды (фантазиямызды) орындап беретін бейтаныс қатындарды іздейміз», - деп ағынан жарылды Ахмадиев.

Жан Ахмадиев. Фото: Instagram

Жан Ахмадиев. Фото: Instagram

«Міне, осыдан кейін "шөп салудың" көкесі басталады. Құрметті арулар! "Осы еркектерге не жетпейді, тамағы тоқ, киімі бүтін" дейсіздер. Бізге үнемі "секс" жетпейді. Қайталаймын ерекше "секс" жетпейді. Əрине сіздерге мың алғыс! Біздің ұрпағымызды дүниеге əкеліп, шаңырағымыздың берекесін сақтап отырсыздар. "Байым бар, маған кім қарайды" деген идеологияны мүлдем ұмытыңыздаршы! Орыстар айтады ғой "женщина должна быть на улице леди, на кухне повором, а в постели проституткой" деп. Орынды айтылған.
Бізден "төсектегі шайқас" жайлы жиі сұраңыздар. Жиі сөйлесіңіздер! Қоздырғыш іш киім сатып алыңыздар! Жұмыс, бала-шаға өз жөнімен. Бірақ, бізге де көңіл бөліңіздерші, өтініш. "Басым ауырып тұр, балалар оянып кетеді" деген сылтауды доғарайық. Əр еркек өзін түнде "алып арыстан" сезінгісі келеді. Бізге сол сезімді сыйласаңыздар, біз ешқашан "изменаға" бармаймыз. Айтасыздар ғой, "кез-келген мықты еркектің артында əйел тұрады" деп. Олай болса, арыстаныңызды неге төсекте де мықты етпеске?», - деп сөзін түйіндеді ол.

Айта кетейік, желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі «бұл тақырыпты ашық талқылау ұят» десе, екіншілері «Осылай, кеңес беріп тұрған жөн» деген ұстанымда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
60
12
14
0
11
114
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір