Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әнші Тұрсынбектің әзіл-сықақ театрын сынап, ақылдары таяз екенін айтты

Опубликовано:

Бүгінде Жұбаныш Жексенұлының отандық әзіл театрларынан көңілі қалған. Әншінің сөзінше, қазіргі сатираның сапасы сын көтермей тұр. NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген өнер иесі қазақстандық әзілкештердің арзан дүниеге әуестенгенін еш бүкпесіз баяндап берді.

Танымал әнші Тұрсынбектің әзіл-сықақ театрын сынап, ақылдары таяз екенін айтты
Танымал әнші Тұрсынбектің әзіл-сықақ театрын сынап, ақылдары таяз екенін айтты: UGC

Мәселен, Жұбаныш үшін қағытпа қалжыңы бар театр «Шаншар» болған. Алайда, Уәлибек Әбдірайымов басқаратын орталықтың деңгейі тым төмендеп кетіпті.

«Дәл қазіргі кезде әзілдің өте арзан, өте сондай жеңіл түрі үрдіске айналды. Сондай бір адам күлуге ыңғайсыз жағдайға жеттік. Адамға күлкі шақырғаннан бұрын адамды ұялтатын дүниелер көбейіп кетті. Алғашқыда «Шаншар» театры керемет еді. Қазіргі кезде сол бір кездегі «Шаншардан» ауытқып, жеңілдеу «Шаншар» болып қалды деп айта аламын. Оны Уәлибектің өзіне де айтамын. Айтып та жүрмін.

Ал енді «Шаншардың» ең бір шарықтау шыңына жеткен жері Нұржан Төлендиевтің «Тука» болып шыққан кездері. Тіпті көрермен сол қойылымдардың аудио нұсқасын тыңдайтындай жағдайға жетті. Одан кейін басы бірікпейтін қазақтың әдеті емес пе. Сол атадан қалған дәстүр бойынша бастары бірікпей жеке кетті. Мен ойлаймын Нұржан бауырым сол кезде екі керемет сахнадағы әріптесінен (Уәлибек пен Жүсіп) айырылып, ұтылды деп.

Сол кезде мен бұл кісілерге қатты ренжіп жүрдім. Қазір «Шаншар» орта белде келе жатыр. Сол сәтте Нұржанның ойында не болғанын білмеймін. Жеке кетті де өзі жарқырап көрінбеді. «Шаншар» театрында орта белге түсіріп кетті. Менің ойымша қазір «Алдараспан» да, «Шаншар» да биікте тұрған жоқ», - дейді Жұбаныш.

Сондай-ақ, оның Тұрсынбектің командасына айтар сыни пікірі бар. Жексенұлының сөзінше, «Әзіл әлеміндегі» актерлардың білімі таяз әрі Қабатов көрші елдердің әзіліне жиендік жасауды әдетке айналдырған.

«Тұрсынбек Қабатовтың да «Әзіл әлемі» жобасы қатырып тұр деп айта алмаймын. Жеңіл-желпі, болмайтын әңгіменің тұсында қалып қойған. Қоғамдағы нәрсені айтамын деп, болмайтын ас үйдегі ұсақ-түйекті айтуға тырысады. Менің көңілімнен ол шықпайды. Бір-екі рет көргеннің өзінде Тұрсынбектің жанындағы жігіттердің кәсіби маман емес екенін байқаймын, біріншіден.
Одан кейін сол жеңіл-желпі, ұшқыр емес, қазғанда да жердің бетінен ғана қазып алып, күлдіргісі келетінін байқаймын. Тұрсынбектің өзі де өзбек ағайындардың репертуарындағы әзілдерді көшіріп алып, қазақшаға айтып жүргендерін байқадым», - дейді Жексенұлы.

Осы уақытқа дейін «Өнер қырандары» театрының жігіттеріне жоғары бағасын беріп келген Жұбаныш мырзаның аталмыш ұжымдағы актерлардың жұмысына көңілі толмай отыр.

«Соңғы кезде халықтың пікірі бойынша «Өнер қырандары» күлдіруден гөрі, жылатуды жақсы көріп келе жатыр. Жылатуды қолға алған сияқты. Діни ұстанымдарды дәріптейді. Діни әзілдерді де дұрыстап жеткізуге болатын шығар. Бұл өнер деген саясатқа да, дінге де, болып жатқан саяси оқиғаларға да түк те қатысы жоқ. Күлкі деген ол денсаулыққа пайдалы. Сондықтан халық күлгенде де ойланып күлетіндей дәрежеде жүрсе деген тілегім бар», - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721216-tanymal-nsi-trsynbekti-zil-sykak-teatryn-synap-akyldary-taaz-ekenin-ajtty/

pixel