jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақ тілінде сайраған Сейфуллин Жолбарыстың орыс әйелі көпшілікті тәнті етті

    : UGC

    Белгілі әнші Сейфуллин Жолбарыс пен оның екінші жұбайы Екатерина Жолбарысова Түркияда демалып жүр. Өнер иесі үшін ислам дінін қабылдаған Екатерина енді қазақ тілінде жазба қалдырып, көпшілікті сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

    Сейфуллин Жолбарыс әйелімен. Фото: Екатерина Жолбарысованың instagram парақшасынан алынды
    Сейфуллин Жолбарыс әйелімен. Фото: Екатерина Жолбарысованың instagram парақшасынан алынды: UGC

    Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс өзінің екінші жұбайы Екатеринамен бірге түрік елін аралап, саяхаттап жүр. Оны әншінің жұбайының Instagram парақшасына күн сайын жүктеп жүрген әдемі суреттерінен білуге болады.

    Қос жұп Түркияның әйгілі Стамбул қаласын аралап, қызықты сәттерін суретке түсіріп, желі қолданушыларымен бөлісуде. Сондай-ақ, ұлты орыс Екатерина Жолбарысованың қазақ тілін тәп-тәуір меңгеріп алғанын байқауға болады. Бұған дәлел, бойжеткеннің қазақ тілінде жазба қалдыруы болып отыр.

    «Бұл жерде қалай жүрсең де жарасады. Ешкім сөкпейді, жаман көзбен қарамайды. Көшеде мыңдаған адам тар жерге сыйысып, ешкім ешкімді итермейді. Ұрысып немесе көшеге қақырып-түкіріп жатқан адам көрген жоқпын...Неше түрлі нәсіл, неше түрлі стиль, теріңнің түсіне немесе сөйлеген тіліңе безіремейді ешкім. Бізде де солай болса ғой! Хиджаб орамал киген қыздар күлімдеп жүр, қалғандарға «кафир» дегендей қарап, өздерін жоғары санамайды. Әркімнің өз таңдауы. Әркімнің өз жолы бар!», - деп жазба қалдырған әншінің жұбайы.

    Желі қолданушыларының бірі «Бақытты болыңыздар, дәл айттыңыз» деген сияқты пікірлер қалдырып жатса, енді бірі, «Қазақ тілін қалай жетік меңгеріп алғансыз, керемет» деген сияқты пікірлерін жаудырып жатыр.

    Қазақ тілінде сайраған Сейфуллин Жолбарыстың орыс әйелі көпшілікті тәнті етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.