Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды жастары Төреғалидің концертіне қарсы шығып жатыр

Опубликовано:

Төреғалидің 21 наурызға жоспарланған Қарағандыдағы концертіне жергілікті тұрғындар қарсы шықты. Атышулы әнші дәл сол күні "Қатемді кешіріңдер" деп аталатын жаңа ән кешін өткізуді жоспарлаған. Бұл туралы қарағандылық тұрғынның бірі Салтанат Кеңесбекова-Смағұлова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қарағанды жастары Төреғалидің қаладағы концертіне қарсы шықпақшы
Қарағанды жастары Төреғалидің қаладағы концертіне қарсы шықпақшы: UGC

Төреғалидің Қарағандыда концертін беретінін естіген жұрт жергілікті тұрғындарды оның концертіне бармауды шақырды.

"Ақысына кешірім сұрағандар. Шын жүрегімен кешірім сұрағанның сыйлығы болар еді. Қара пиармен қалта қағып үйренгесін, қайтесің?", - деп жазған желіге Салтанат.

Оның бұл пікіріне қосылған желідегі қолданушылар оны қолдап, Төреғали халыққа тегін концерт беріп барып, кешірім сұрау керек деген пікірде.

"Қарағанды жастары сол күні жиналмақ екен. Халықтан кешірім өтінген екен, ақысыз концерт беру керек деп. Мен олардың осы пікірін қолдаймын. Өр, жасындай жарқыраған ұрпақ тәрбиелеп жатыр екенбіз. Төреғали сияқты пиарщиктерді төрге оздырмау керек деп отырмыз", "О, дұрыс, келіспесе қуып жіберу керек", "Кешірімді әуелі Павлодардан бастап сұрасын. Не, Қарағанды көрінген фанерщик аузын жыбырлатып концерт қоя беретін проходной двор ма? Бұл іспен облыстық Мәдениет басқармасы айналыссын! Дулат Аманжол, Қарағандыны кім көрінген концерт қоятын помойка қылғанды тоқтату керек! Бұл не сұмдық? Ұйымдастырушылар жазалансын! Қарағанды жастарының бұл бастамасын қолдаймыз", - деп жарыса жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1721360-karagandy-zastary-tregalidi-koncertine-karsy-sygyp-zatyr/

pixel