RU
Қарағандылық бойжеткен АҚШ-та беларусь аруымен некесін қидырған
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық бойжеткен АҚШ-та беларусь аруымен некесін қидырған

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ редациясына осыдан бірер күн портал оқырманынан хат келіп түскен еді. Онда бойжеткен АҚШ-тан туған елі Қазақстанға «әйел-жұбайымен» оралғысы келетінін айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: brakoved.ru

Көрнекі фото: brakoved.ru

Анастасия Схабицкая 2017 жылдың мамыр айында АҚШ-қа Work&Travel бағдарламасы бойынша оқуға аттанған. Арудың мамандығы – бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі екен. Оқуға түскен бойда, оқу орны студенттердің сурет салу өнерін жетілдіру үшін, жалаңаштанған көптеген қыз-келіншектерді әкеліп, оларды суретке салу сияқты тапсырмалар береді екен. Содан бері, Анастасия да өзінің болашақ жары ретінде – әйел адамдарды көретінін түсінген.

Редакцияға жіберген хатта бойжеткен өз оқиғасын былайша баяндап берген:

«Мен ер адамдармен ешқашан төсек қатынасына түспегенмін. Кішкентайымнан еркекшора болып өстім, бойжеткен кезімде де достарымның дені – ер азаматтар болатын. Бірақ, колледжде менің жақын құрбым болатын. Мен көп уақытымды сол қызбен бірге өткізетін едім. Сосын, уақыт өте келе оған ғашық екенімді түсіндім. Құрбым соны түсінген болу керек, менімен араласудан үзілді-кесілді бас тартты.
Сөйтіп, Қарағандыға сыймай, Ресейдің Екетаринбург қаласына оқуға кеттім. Сондағы ойым – ол жақта аз да болса еркіндік бар, мені ешкім бұлай сөкпейтін шығар дедім. Бірақ, онда да сол жағдай қайталанды. Мен жатақханада, өзіммен бір қабатта тұратын қызға ғашық болып қалдым. Онда да тура сол жағдай қайталанды: бізді бәрі шеттетіп, тіпті, сәлемдесуден қалды.
Екатеринбургтан мен АҚШ-қа жол тартып, онда қына арқылы нәзік жандылардың денесіне әдемі сурет салуды үйрендім. Сөйтіп жүргенде, Нью-Йорк қаласына қоныс аудардым, онда мен Белорусиядан келген Милана есімді қызбен таныстым. Оның мамандығы негізінен экономист болғанымен, қазір ол визаж курстарын оқып жүр. Осылайша біз Милана екеуміз некемізді қидыру туралы шешімге келдік. Үйлену тойымыз үшін, көйлек іздедік, өміріміздегі естен кетпес күнімізді барынша қызықты етіп өткізуге тырыстық. Әзірге екеуміз де жұмыссызбыз, ата-анамыз көмектесіп тұрады, солар жіберген қаражатқа өмір сүріп жатқан жайымыз бар»,-деп өз оқиғасын баяндаған бойжеткен.

Сондай-ақ, ол хабарламада беларусь аруына қалай ғашық болғанын көрсеткен.

"Алғашында, осы қылығыма бола, одан қатты ұялып жүргенім рас. Бірақ, бір күні, өзімнің оған деген сезімімді айттым, басында, менен теріс айнала ма деп едім. Бірақ, бәрі мен ойлағаннан да керемет болып шықты. Ол да мені сүйетінін айтып, екеуміз мәңгілік бірге болу туралы шешімге келдік. Қазір мен Қазақстанға, туған жеріме қайтқым-ақ келеді.
Алайда, біздің елде бір жынысты некеге деген көзқарас әлі қалыптаса қоймаған, бізді сынап-мінейтіндер табылатынын тағы білемін. Бірде, Қарағандыға барғанымда мені қыздар осы "ерекшелігім" үшін, ұрып кеткен еді, әкем де менен теріс айналды.
Бірақ, мен біздің махаббат хикаямыздың тамаша болатынына сенімдімін. Негізі, Қазақстандағы, Ресейдегі туған-туыстарым менің осындай екенімді әлі күнге дейін білмейді. Олардың да пікірін білсем деймін. Қазақстанда бір жыныстылардың некесіне заңды түрде рұқсат беріледі деген сенімдемін",-деп әңгімесін аяқтаған бойжеткен.

Сіздің реакцияңыз
24
16
4
0
0
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel