RU
Кенжебек Жанәбілов "МузАрт"-қа келгенде өзін кемсітіп, ренжіткендерге жауап берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Кенжебек Жанәбілов "МузАрт"-қа келгенде өзін кемсітіп, ренжіткендерге жауап берді

Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың соңында Мейрамбек Бесбаев «Сахнада 30 жыл» атты ән кешін атап өтсе, таяуда ғана Сәкен Майғазиев «Жүрегімнің ішіндегі жүрегім» деп аталатын шоуын ұсынған еді. Келесі кезек Кенжебек Жанәбіловте екен. NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген «Музарттың» кенжесі алғашқы концерті арқылы көпшіліктің көкейіндегі күдікті сейілтуге белін бекем буып отыр.

Кенжебек Жанәбілов "МузАрт"-қа келгенде өзін кемсітіп, ренжіткендерге жауап берді

Кенжебек Жанәбілов "МузАрт"-қа келгенде өзін кемсітіп, ренжіткендерге жауап берді

«Топқа келгелі 13 жылдан бері бір концерттің әндері жиналды. Алла қаласа осы наурыз деп жоспарлаған едік. Астана қаласының мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов мырзамен ақылдасып едік, ол кісі күзде берейік деді. "Сен дайынсың ба", дейді. Мен айттым: «Әрине, дайынмын. Батырға оң-солы бірдей дейді ғой. Бойымызға өнер туа біткен соң, аса қиын емес. Кеше ғана жолдан қосылған әнші емеспіз. Шынымды айтсам ән кешіме дайынмын», - дедім. Адам әр жылда өз-өзіне есеп беріп отырады. Мен не істедім, не жасаймын деген сияқты адам өзіне есеп беріп тұруы керек», - дейді Жанәбілов.

Бұл кеште Жанәбілов шоу жасап, тыңдармандарын таң қалдыруға құлшынып отырған жоқ. Әнші өзін өнердің өкілі екенін әлі күнге дейін дәлелдей алмай жүргенін айтады.

«Ол жерде мен барып «шпагатқа» отырып немесе «сальто» жасап жүрмеймін ғой. Шоу жасайын деп. Ең бастысы өзімнің еңбектерімді көрсету. Көбісі менің өнерге қалай келгенімді білмейді. Ең басты ойым Алла қаласа соны дәлелдегім келеді. Өнерге қалай келгенімді көп жерде көрсетуге тырысамын. Ауылда талай домбырамен ән айтып жүрдім, актерлік шеберлігімді көрмеген. Театрда ойнаған көріністерім бар. Солардың барлығын көрсетуім керек. Көбісі мені «Шаншардағы» Уәлибекке ұқсатады. Мен өзім концерттерде байқаймын. Көпшілік менен бір әзіл күтіп отырады. Мейрамбек пен Сәкен бір-біріне әзілдерін айтып жатады. Ел мені күтіп тұрады. Мен бір әзіл айтып қалсам, ду ете қалады. Кейде жұрт түрімнің күлкілі екенін айтады. Мүмкін әзілдерімді айтып, актер ретінде өзімді көрсететін шығармын. Идеялар өте көп. Менің бірінші концертімнің ерекшелігі сол болатын шығар», - дейді Кенжебек.

«Музарт» тобына қабылдан сәттен бастап Кенжебекке кереғар пікір білдіретін халықтың қарасы көп екен. Әйгілі топтың құрамына қабылданған әншіні жазғырып, жағымсыз сөздерді қарша боратқандарға «Музарттық» әнші әлі күнге дейін өкпелі екенін жеткізді.

«Ең ауыр тиген сынды «Музартқа» келгенде естідім. «Дайын асқа тық қасық» болып келді деп көп адамдар ойлады. Ол адамға өте қатты тиеді екен. Ең жаман нәрсе сол. Бас салып адамның сыртынан тон пішпеу керек. Мысалы, «Жұлдызды жекпе-жек» жобасына қатысқаным да сол. Көбісі «Сол жобаға сен неге қатыстың, ұйымдастырып жатқан Мейрамбек емес пе» - дейді. Мен өзімнің өнерімді көрсету үшін қатыстым. Қазақтар біз біреулер өсіп келе жатса аяғынан тартамыз да тұрамыз. Менің аяғымнан тартқандар да болды ғой. Мынаның түрі келмейді екен дегендер де болды. Түрі өзбекке ұқсайды ма, түрікке ұқсайды ма, мынау қазаққа келмейді ғой дегендер де болды. Осы сындарға концертімде жауап беретін боламын», - дейді «Музарт» тобының әншісі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
1
3
43
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel