RU
ОҚО-да "зорланған" 7 жасар балаға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да "зорланған" 7 жасар балаға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да 7 жастағы баланы зорлаған мектеп оқушыларына қатысты ауыл тұрғындары өз шындығын айтып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

ОҚО-да 7 жастағы зорланған балаға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

ОҚО-да 7 жастағы зорланған балаға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды

Қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға қатысты тың ақпаратты Сарыағаш ауданы, Абай ауылының тұрғыны Дінмұхамет Артықов баяндап берді. Тұрғынның айтуынша, 7 жастағы балаға зәбір көрсеткен екі бала тұрмысы төмен отбасынан шыққан екен.

Сондай-ақ, БАҚ беттерінен белгілі болғандай, қос баланың әкесі жақында ғана көз жұмған.

Ауыл тұрғыны балалардың әкесі есірткіні шамадан тыс мөлшерде пайдалануы себебінен қайтыс болуы мүмкін деген болжамды айтып отыр. Айтуынша, «зорлық жасаған балалардың ата-анасы бұған дейін істі болған, сондай-ақ, олар нашақорлар есебінде тұрған» екен.

Абай ауылының тұрғыны, сонымен бірге, зорланған оқушының әжесінің сөзінде «бір өтірік жоқ» деп, кейуана айтқан жайтты растап отыр. Дінмұхамет Артықов жоғары сыныптың оқушылары 7 жастағы бүлдіршінді былтырғы жылдың тамыз айынан бастап зорлап келген дейді.

«Бірінші рет мұндай сұмдық жағдай былтыр 26 тамызда болыпты. Балалар өзенге түсуге барып, сол жерде кішкентайды жеке шақырып алып, оны қораға барып ұрып-соққан екен. Сосын екеуі ұстап тұрып, үшіншісі зорлаған. Бала үйге келгенде оның денесінде жарақаттар болған, сөйтіп, бала сол күні үйіне жылап келген.
Сәби болған жайтты әжесіне айтқан, ол кісі зорлаған балалардың ата-анасына барған, бірақ, олар «ондай ештеңе болмады» деп, балаларына шаң жуытпаған. Мектепке де барды, инспектор да келді. Бірақ ешқандай шара қолданылмады», - дейді тұрғын.

Ауыл тұрғыны, сонымен бірге, зәбір көрген баланың отбасының туысы емес екенін, тек әжесімен таныс екенін атап өткен.

«Ұрып-соққан уақытта әжесі оны ауруханаға апарған, тіпті, оның денесінде қан да бар екені дәлелденген. Алайда, мұның бәрін қазір жасырып қалып отыр. Мүмкін баланы 10-15 рет зорлаған шығар, кім біледі? Жеткіншек осы уақыт бойы мектебіне де барып отырған», - деп оқиғаға қатысты өз пікірін айтты тұрғын.

Сондай-ақ, Дінмұхамет Артықов істің осылайша жылы жабыла салуына мектеп директорының тікелей қатысы болуы мүмкін деп отыр.

Айтуынша, оқу орны басшысының туған қайын ағасы құзырлы органдарда белді қызметте отыр екен.

«Директордың туған қайын ағасы ІІД-де криминалдық полиция бөлімінің басшысы қызметінде отыр. Ал, қайын атасы Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы қызметінде болған, қазір ол кісі жекеменшік кәсіподақтар ұйымын басқарады. Бұл кісілердің бәрінің аталған іске қатысы болуы мүмкін, бәрі шашыраңқы, түсініксіз», - дейді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, ОҚО-да 7 жастағы баланы зорлады деген ақпарат ел ішінде резонанс тудырған еді. Аталған істің немен аяқталатыны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
7
46
44
13
3
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel