Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Опубликовано:

Қазақ xалқы мақал-мәтелдерге бұрыннан ерекше мән берген. Әсіресе тіл, сөйлеу мәдениеті аясындағы мәтелдер саны шексіз болса керек. NUR.KZ олардың кең қолданыс тапқандарын арасынан іріктеп алып, оқырмандар назарларына ұсынады.

Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?: UGC
  • Ана тілің алпыс тілге татиды.
  • Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.  
  • Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
  • Тіл - достықтың алтын көпірі.
  • Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
  • Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
  • Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
  • Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
  • Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
  • Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
  • Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
  • Тіл ақылдың - өлшемі.
  • Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде. 
  • Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
  • Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
  • Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
  • Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
  • Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
  • Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
  • Ми ойлағанды тіл тындырады.
  • Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
  • Адам көңілден азады, тілден жазады.
  • Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
  • Айтпас жерде тілің тарт.
  • Ана тілі – бәріміздің анамыз. Өйткені, ол – ұлтымыздың анасы.
  • Ана тілің алпыс тілге татиды.
  • Ақынның тілі қылыштан өткір.
  • Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.
  • Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
  • Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
  • Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.
  • Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ.
  • Әдеп басы – тіл.
  • Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
  • Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.
  • Бал тамған тілден у да тамар.
  • Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.
  • Басқа пәле – тілден.
  • Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.
  • Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
  • Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.
  • Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
  • Қазақтың ақылы – көзінде,

Қасиеті сөзінде.

  • Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.
  • Кісі қызыл тілден өледі,

Түлкі қызыл жүннен өледі.

  • Қылыш жарасы бітер,

Тіл жарасы бітпес.

  • Қызыл тіл – жанның мияты,

Абырой – ердің қуаты.

  • Мал басынан байланады,

Адам тілінен байланады.

  • Малға кедей – жарлы,

Тілге кедей – сорлы.

  • Ішімдегінің бәрі тілімде,

Тілімдегінің бәрі түрімде.

  • Өнер алды – қызыл тіл.
  • Өз тілің – бірлік үшін,

Өзге тіл – тірлік үшін.

  • Оқу алды – қызыл тіл,

Бірден соңғы мергеншіл.

  • От ауызды, орақ тілді шешен.
  • Туған ел – тұғырың,

Туған тіл – қыдырың.

  • Ұлттың қуаты – тілінде.
  • Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.
  • Шешеннің тілі – шебердің бізі.
  • Шешеннің тілі ортақ,

Шебердің қолы ортақ.

  • Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес,

Өзге тілде ойлау қауіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1722178-til-turaly-kandaj-makal-mtelder-bilemiz/

pixel