Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Үздік әйел рөлін» алған Қайрат Нұртастың әйеліне жұлдыздар қарсы шықты

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың жары «Сыншылар таңдауында» «Үздік әйел рөлі» номинациясын иеленген болатын. Алайда өнер иелері Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл марапатқа лайық емес екенін алға тартты деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың жары «Үздік әйел рөлімен» марапатталғанына өнер иелері қарсы шықты. Фото: Instagram
Қайрат Нұртастың жары «Үздік әйел рөлімен» марапатталғанына өнер иелері қарсы шықты. Фото: Instagram: UGC

Жұлдыз Әбдікәрімова «Арман» фильмінде бас кейіпкерді сомдағаны үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ол бұл жеңісін енесі Гүлзира Айдарбековаға арнады.

Алайда бұл жолғы сыншылардың «таңдауы дұрыс емес» дегендер де табылды.

«Халыққа жақсы ұнаған кино алдыға шығу керек. Ал, критиктардың жиырма адамнан жинағаны менің көңілімнен шығып жатқан жоқ», - дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

Сондай-ақ бұл пікірге актриса Динара Бақтыбаева да қосылады.

«Менің ойымша үздік комедия, үздік драма, үздік экшн деп бөлек-бөлек жүлде беру керек. Осы үш аталымға ортақ марапат беру қисынсыз», - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723316-zdik-jel-rlin-algan-kajrat-nrtasty-jeline-zldyzdar-karsy-sykty/

pixel