RU
Роза Рымбаева Әлидің жақында қыз алып келетінін айтып елді қуантты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Роза Рымбаева Әлидің жақында қыз алып келетінін айтып елді қуантты

Рассказать Вконтакте

Елімізге белгілі әнші Роза Рымбаева өзінің бар бақыты балалары, туыстары екенін айтты. Сондай-ақ ол Әлиінің жақында бір қызды алып келемін дегенін де жеткізді деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роза Рымбаева: Әлиім жақында бір қызды алып келемін деді

Роза Рымбаева: Әлиім жақында бір қызды алып келемін деді

«Менің бақытым, өмірім туыстарым, балаларым. Өйткені, олар әрдайым менің жанымда, қиналғанда қасымда. Қандай да бір жағдай болып қалса, бірден көмек қолын созатын жақындарым бар. Қазір менің қатарымның бәрі немерелі. Солардың қызығын айтып отырады. Мен де армандаймын», - деген әнші болашақ келінінің қандай болғанын қалайтынын айтты.

«Жаңа үйге келген келінді қалай қабылдайсың, солай қалыптасады. Ол менің ене екенімді, ана екенімді біліп, сыйлай білуі керек. Егер ондай тәрбиесі болмаса, ол келінмен ұзақ тұра алмаймыз. Мен де, Әли де. Күні кеше үлкен ұлым «Мама, мен жақында үйге бір қызды алып келемін. Біз бірге дастарханда отырамыз. Сіздер танысасыздар. Егер ол сізге ұнаса, үйленемін» дейді. Ал мен «Айналайын-ау ол алдымен саған ұнауы керек қой» - дегенін айтып берді әнші.

«Тіпті болашақта екі ұлым екі келінді алып бөлек тұрса да, бақытты болса болды. Кейде мен айтамын, «Анда-санда келіп немерелерімді сүйіп, иіскеп тұрайын» деймін. Бірақ, жаңа нәрестелі болғанда менің көмегім керек қой, оларға. Оған қарау керек деген секілді. Бәрін уақыт көрсетер енді», - деген Рымбаева өзінің арманымен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
30
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel