RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Сәкен Майғазиев "жезөкшелерді" қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің әрекетін қолдап шықты

Жарияланған күні:

Соңғы күндері ғаламторды дүр сілкіндірген Жан Ахмадиевтің әрекеті қазақ өнері өкілдерінің де құлағына жеткен. Қамшымен Сейфуллин көшесінің бойындағы жезөкшелерді сабаған атышулы рэпердің қылығына қатысты Сәкен Майғазиевтің айтары бар.

NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген әнші: «Ахмадиевті қаралған халық, әуелі «қамшы» сөзінің қадірін түсініп алса» - дейді.

Сәкен Майғазиев елді шулатқан Жан Ахмадиевті қолдап шықты
Сәкен Майғазиев елді шулатқан Жан Ахмадиевті қолдап шықты: UGC
«Қазақта сөз бар: «Қатын тонды ки, жыныңды қағып алайын» дейді. Яғни, қамшымен әйелін, адал жарын аяғандықтан ұрып жатыр. Қамшының ілулі тұруы, жын-шайтаннан қорғауы ол қазақта бар дүние. Егер сен әйелді жай ғана ұрсаң, сен оның жын-шайтанын қақтың деген сөз. Ол міндетті түрде көк ала торғайдай қылып сабау емес.

Ол жерде Жан Ахмадиевтің көрсеткісі келгені сол шығар деп ойлаймын. Мен ол бауырымды сонша қорғаштап жатқан жоқпын. Төреғали Тәшенов деген ағамыздың «Қамшы» деген өлеңі бар. Сол қамшыны оқыңыздар, сосын барып қамшының қасиетін, қадірін қазақ неге пайдаланды? Соны білсек, Жан Ахмадиевке ренжімеген болар едік.

Бәріміз аяқ астынан ақылды болып шыға келдік. Онда тұрған ештеңе жоқ. Ол да бір адамның назарын аудару. Жігіттердің де намысын қайтару деп, мен өз басым қатты ренжіген жоқпын. Мақтамаймын да, жақтаймаймын да», - дейді Сәкен Майғазиев.

Қазнетте қызу талқыға түскен мәселеден кейін, құзырлы органдар Жан Ахмадиевтен жауап алып, соңында таяқ деген нәзік жандылардың бірі өзінің әйелі, өзгесі таныстары деген тоқтамға келген болатын. Бұл тақырыпты Сәкен Майғазиев өзінше топшылайды.

«Ал әйелімді түсірдім дегені, мен оның ақталғаны шығар деп ойлаймын. Өйткені біз бірдеңе болса, заңға жүгініп, тісімізді батырып, тіземізді батырып, сол Жан Ахмадиевті тығырыққа тіредік. Ол амал жоқ, өзінің тапқан айласы деп ойлаймын. Ол әйелі емес, шын мәнінде барып жасаған болуы да мүмкін.

Кейбір БАҚ өкілдері: «Жан Ахмадиев құзырлы органдардан қорыққанымен, осындай бір амалға көшті» деп айтуы да мүмкін. Мен де солай ойлаймын. Шынында, қамшымен таяқ жеген қыздардың еш жері көгерген де жоқ. Өздеріңіз көргендей жай қамшымен ұрып, әрекет жасады. Оларды қатты көк ала торғайдай қылып сабаған жоқ.

Егер заң жүзінде сол қыздар арыз жазатын болса, «Жан Ахмадиев сотталып кетуі мүмкін» - деген қорқынышпен, тығырыққа тірегендіктен амал жоқ, ол басқа жолын табуға кірісті. Бірақ әйелін сондай образға кіргізуге мен келіспес едім. Біз соған мәжбүрледік», - дейді «Музарт» тобының әншісі.

Сондай-ақ, Сәкен жезөкшелерді де, оларды қорғаштаған халықты да сынап тастады.

«Біреулер айтады жезөкшелікке мәжбүрлікпен барған шығар деп. Сонда мәжбүрлікпен тәнін сатып бару керек пе? Ыдысын жу біреудің, малын бақ. Баласын бақ. Қазір істеймін деген адамға жұмыс жетеді. Тәніңді сатып, арыңды сатып, көрінгеннің астына жатып, ақша табу деген емес.

Неге ол басқа жолмен таппайды? Сондай жағдай.

Ал Жан Ахмадиевке мен бұл орайда қатты ренжімеймін. Ол бір қадам жасады. Жан Ахмадиевтің қадамы біраз дүмпу тудырды, назарын аудартты.

Кейбір жігіттерге ой салды. Кейбірі ондай қадамға бармас үшін, ойландыратын да жағдай жасады деп ойлаймын», - деп Майғазиев сөзін түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/scandals/1724310-sken-majgaziev-zezkselerdi-kamsymen-sabagan-zan-ahmadievti-reketin-koldap-sykty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 17

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Антимракобес

Осы дін жолында жүргендер неге белден төмен әңгіме айтасыздар? Жоқ шашы көрінеді - ұят, жоқ тым ашық киінген - ұят, жезөкшелер, анау-мынау. Бір шеңбердің ішінде бір рамкіде жүресіздер де қоясыздар. Озобоченный сияқтысыңдар шеттеріңізден. Неге сондай батылдықтарыңызды парақор, жемқор билік, полиция, прокурор, сот, әкім-қараларға көрсетпейсіңдер? Неге ақындықтарыңыз да болса Хан емессің қасқырсың деген Махамбет бабамыз сияқты билікті қақайып тұрып сөкпейсіздер? Неге анау су басып жатқан Шығыс Қазақстанды айтпайсыңдар? Сондағы елдің мұңын неге айтпайсыңдар енді танымал екенсіңдер? Мұнай мен газға бай елміз 21 інші жүзжылда Астана көмірмен жылынуда, ширек жүзжылдан бері газға жарымай отыр? Неге шыныменен әлеуметтік проблемалар жайында сөз қозғамайсыңдар дін мен қыз-қатыннан аса алмай?

Comment reaction

Ibash

Сакен молорик!

Comment reaction

Мама_апа

Короче с его колокольни если посмотреть - не придраться. А вот со стороны женщины 4сли глянуть- ??? Мужские высокопарные слова. Не более того. Вот и очередная тема сериала " о чем говорят мужчины"

сайран

міне нағыз азамат ,Саке жарайсың.Қазақ азаматы мен азаматшалары кімді қолдарын білмей дал болды .жұмыс жасаймын деген адамға табылады

Анкара

Сакен ага аузыма кум куйылып калды.Соз жок не деген акылды жан единиз.....Камшынын магынасын коп тусине бермеймиз гой ...

Ясин

Бұл дұрыста шығар, екі қолға бір күрек табылады дегендей, еден жусада ыдыс жусада жұмыс бар ғой күн көремін дегенге. Сол еден жуып, ыдыс аяқ жуған әйел қаншама табыс табады екен, сол табысы бала-шағасын асырауға жеткіліктіме соны Жан Ахмадиев білеме екекн. Мен Жан Ахмадиевтің екі қолына екі қамшы берейін, жез өкшелерді қуғанша жемқорларды қусыншы, сонда бұл дұрыс ПИАР болар еді. Сәкен, қамшы ата-бабаларымыздан қалған дәстүр, қамшы жын шәйтаннан қорғайды дегенің ғой, расында ата-бабаларымыз кезінде қамшыны төрге ілген. Бірақта мен ойламаймын, барлық еркек сол заманда апаларымызды тон кигізіп сабамаған шығар деп. Сондықтан біріңнің артыңды бірің жабамын десеңдер, дәстүр деп соған теңей бермей, ар-ұят деген сөзді ұмытпай, жастарға дұрыс түсіндіру керек. Кім болса да, ол біріншіден қыз, Қазақтың адасқан қыздары, ол біріншіден біздің қателігіміз, сол Жан Ахмадиевтің пиар үшін сабағанын мен дұрыс деп өз басым айта алмаймын, оқырманнан кешірім сұраймын қателігім болса.

ибрагим

семей,өскемен не болып жатыр сендер жезөкшелерді ойламай халықтыда ойлап аз-маз болсада ау деп қойсаң дұрыс болар еді.оңай жағынан атыңды шығара бермей сәкен мырза

ЖАН

Посмотрите хотя бы в Википедии что такое харам.

Zhanabaevagulia

Оте дурыс

Sanya

Әдеттегідей, сөзі салмақты да нақты.Өте дұрыс айтты.

мақсат

Өте дұрыс, Сəкен! Еркек атаулының ойын дəл жеткізе білдің!

Арука

Сəкен Майғазиев қазақ халқының нағыз жанашыры! Жан Ахмадиевтің бұл жасағаны өте дұрыс, тəнін сатып жүрген барлық қазақ қыздарына ой салар деген үмітпен жасаған!!! Қорғап жатқандарды түсінбейміз, сонда тəнін сатып жүргендерді қалайша қорғайды...

Бактикул

Жарайсың, балам, қазақтың нағыз жанашыр азаматысың

Еркегали

Жарайсың Сəкен дөп басып айттың !!!

Еркегали

Рахмет құрдасым міне менің де ойым дəл осылай еді, дегенмен біздерді ешкім танымағандықтан біздің айтқанымыз қорадан ұзамай өз ауламызда қалып кетіп жатыр, ал сендей танымал қазақтың азаматының сөзі жерде қалмасы анық !

Асыл

Сəкен аға ойыңыз тəрбиеңіз нағыз қазақи ғой. Сізге қосыламын. Сіз нағыз ер азаматсыз.

jitsu gif