Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анайы сөздер өте көп: Қайрат Нұртастың фильмі тағы да сынға қалды

Опубликовано:

Қайрат Нұртастың «Арман» фильмі тағы да сынға ұшырады. «Қазақстан-Заман» басылымының тілшісі әншінің туындысы өте дөрекі тілде түсірілгенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Анайы сөздер өте көп: Қайрат Нұртастың фильмі тағы да сынға ілікті. Фото: КТК
Анайы сөздер өте көп: Қайрат Нұртастың фильмі тағы да сынға ілікті. Фото: КТК: UGC

Айзат Рахыш есімді журналист кино тілінің таза, көркем болу керектігін алға тартты. Сондай-ақ ол фильм барысындағы анайы сөздерден мысал келтірді.

«Қазақша басталып, оқиғасы орысша өрбіп, ресми тілде «ірі» аяқталатын мұндай фильмдерді шетелге «қазақ киносы» деп таныстыру ұят. Кино тілі әдеби, таза, көркем болуы шарт. Асқан көркемдік болмаса да, қарапайым шарттар сақталуы қажет еді", - деген ол, тұрпайы сөздерді тізбектеп берді.
«Арман» фильмі кино тілінен жұрдай, мүлдем ада. Бұл орыстың көше тілімен түсірілген әуесқойлық десем артық кетпеген болар едім. Фильм барысында «Сука», "Трахал", "Много себе не бери", "Дырка", "Жаны шықты", "Түрегелсең болады" деген секілді анайы сөздер кездеседі", - деді Айзат Рахыш.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың «Арман» фильмі 2017 жылдың «Ең үздік фильм» номинациясын жеңіп алды. Аталмыш туындының бас кейіпкері Жұлдыз Әбдікәрімова «Ең үздік әйел рөлі» номинациясымен марапатталып, өнер иелері бұл таңдауға қарсы шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724432-anajy-szder-te-kp-kajrat-nrtasty-filmi-tagy-da-synga-kaldy/

pixel